Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1013

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
35. Сауда-саттық кітабыكِتَابُ الْبُيُوعِ
бап
22. Кию құпталмайтын нәрселерді саудалау туралыبَابُ التِّجَارَةِ فِيمَا يُكْرَهُ لُبْسُهُ
Нөмірі
№ 1013 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2105
1013
Бұхари, № 1013 · Сахих: 2105Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّهَا اشْتَرَتْ نُمْرُقَةً فِيهَا تَصَاوِيرُ، فَلَمَّا رَآهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ قَامَ عَلَى الْبَابِ، فَلَمْ يَدْخُلْهُ. قَالَتْ: فَعَرَفْتُ فِي وَجْهِهِ الْكَرَاهِيَةَ، فَقُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَتُوبُ إِلَى اللَّهِ وَإِلَى رَسُولِهِ ﷺ. مَاذَا أَذْنَبْتُ؟» فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا بَالُ هَذِهِ النُّمْرُقَةِ؟» قُلْتُ: «اِشْتَرَيْتُهَا لَكَ لِتَقْعُدَ عَلَيْهَا وَتَوَسَّدَهَا»، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ أَصْحَابَ هَذِهِ الصُّوَرِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ يُعَذَّبُونَ، فَيُقَالُ لَهُمْ: “أَحْيُوا مَا خَلَقْتُمْ”». وَقَالَ: «إِنَّ الْبَيْتَ الَّذِي فِيهِ الصُّوَرُ لَا تَدْخُلُهُ الْمَلَائِكَةُ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Мен суреттері бар бір жастық сатып алдым. Алла Елшісі (с.а.с.) оны көргенде, есік алдында тұрып қалды да, үйге кірмеді. Мен оның жүзінен мұны құптамағанын байқап: “Уа, Расулалла! Аллаға әрі Оның Елшісіне (с.а.с.) тәубе етемін. Мен қандай күнә жасадым?” – дедім. Алла Елшісі (с.а.с.): “Мына жастықтың жайы не?” – деп сұрады. Мен: “Оны сіз отыруыңыз әрі жастануыңыз үшін сатып алдым”, – дедім. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Расында, бұл суреттерді жасағандар қиямет күні азапталады. Оларға: ‘Жасаған нәрселеріңе жан бітіріңдер’, – делінеді”, – деді. Сондай-ақ ол: “Суреттері бар үйге періштелер кірмейді”, – деді».