Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1028

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
35. Сауда-саттық кітабыكِتَابُ الْبُيُوعِ
бап
31. Бауырының саудасының үстінен сауда жасамау және ол рұқсат бермейінше немесе саудадан бас тартпайынша, бауыры ұсынған бағаның үстінен баға ұсынбау туралыبَابُ لَا يَبِيعُ عَلَى بَيْعِ أَخِيهِ وَلَا يَسُومُ عَلَى سَوْمِ أَخِيهِ حَتَّى يَأْذَنَ لَهُ أَوْ يَتْرُكَ
Нөмірі
№ 1028 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2140
1028
Бұхари, № 1028 · Сахих: 2140Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَبِعْ حَاضِرٌ لِبَادٍ، وَلَا تَنَاجَشُوا، وَلَا يَبِيعُ الرَّجُلُ عَلَى بَيْعِ أَخِيهِ، وَلَا يَخْطُبُ عَلَى خِطْبَةِ أَخِيهِ، وَلَا تَسْأَلُ الْمَرْأَةُ طَلَاقَ أُخْتِهَا لِتَكْفَأَ مَا فِي إِنَائِهَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) қала тұрғынының дала тұрғынының тауарын сатып беруіне тыйым салды. Сондай-ақ: “Тауарды сатып алу ниетінсіз оның бағасын қолдан көтермеңдер. Бір адам бауырының саудасының үстінен сауда жасамасын. Бауыры құда түсіп қойған әйелге құда түспесін. Әйел діндес әпке-сіңлісінің ыдысындағыны өз ыдысына аударып алу үшін оның талақ етілуін сұрамасын”, – деді», – деп жеткізді.