Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1054

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
35. Сауда-саттық кітабыكِتَابُ الْبُيُوعِ
бап
54. Жансыз нәрселердің бейнелерін сату және бұған қатысты ұнамсыз істер туралыبَابُ بَيْعِ التَّصَاوِيرِ الَّتِي لَيْسَ فِيهَا رُوحٌ وَمَا يُكْرَهُ مِنْ ذَلِكَ
Нөмірі
№ 1054 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2225
1054
Бұхари, № 1054 · Сахих: 2225Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ أَتَاهُ رَجُلٌ فَقَالَ: «يَا ابْنَ عَبَّاسٍ، إِنِّي إِنْسَانٌ إِنَّمَا مَعِيشَتِي مِنْ صَنْعَةِ يَدِي، وَإِنِّي أَصْنَعُ هَذِهِ التَّصَاوِيرَ»، فَقَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ: «لَا أُحَدِّثُكَ إِلَّا مَا سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ. سَمِعْتُهُ يَقُولُ: “مَنْ صَوَّرَ صُورَةً فَإِنَّ اللَّهَ مُعَذِّبُهُ حَتَّى يَنْفُخَ فِيهَا الرُّوحَ، وَلَيْسَ بِنَافِخٍ فِيهَا أَبَدًا”».

فَرَبَا الرَّجُلُ رَبْوَةً شَدِيدَةً، وَاصْفَرَّ وَجْهُهُ، فَقَالَ: «وَيْحَكَ، إِنْ أَبَيْتَ إِلَّا أَنْ تَصْنَعَ فَعَلَيْكَ بِهَذَا الشَّجَرِ، كُلِّ شَيْءٍ لَيْسَ فِيهِ رُوحٌ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббасқа (р.а.) бір адам келіп: «Уа, Ибн Аббас! Мен күнкөрісімді тек өз қол еңбегіммен табамын. Осындай бейнелерді жасаймын», – деді. Сонда Ибн Аббас (р.а.): «Мен саған Алла Елшісінің (с.а.с.) айтқандарынан өз құлағыммен естігенімді ғана баяндаймын. Оның: “Кім бір бейне жасаса, Алла оны сол бейнеге жан үрлегенге дейін азаптайды. Ал ол оған ешқашан жан үрлей алмайды”, – дегенін естідім», – деді.

Әлгі адам қатты алқынып, өңі сарғайып кетті. Сонда Ибн Аббас (р.а.): «Байғұс-ай! Егер мұны жасаудан бәрібір бас тартпасаң, мына ағаштарды және жаны жоқ барлық нәрсені бейнеле», – деді.