Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1058

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
36. Сәләм саудасы кітабыكِتَابُ السَّلَمِ
бап
1. Белгілі көлеммен сәләм саудасын жасау туралыبَابُ السَّلَمِ فِي كَيْلٍ مَعْلُومٍ
Нөмірі
№ 1058 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2239
1058
Бұхари, № 1058 · Сахих: 2239Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَدِمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ الْمَدِينَةَ وَالنَّاسُ يُسْلِفُونَ فِي الثَّمَرِ الْعَامَ وَالْعَامَيْنِ، فَقَالَ: “مَنْ سَلَّفَ فِي تَمْرٍ فَلْيُسْلِفْ فِي كَيْلٍ مَعْلُومٍ وَوَزْنٍ مَعْلُومٍ”». وَفِي رِوَايَةٍ عَنْهُ: «إِلَى أَجَلٍ مَعْلُومٍ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) Мәдинаға келген кезде, адамдар бір не екі жылдан кейін алатын жемістерінің ақысын алдын ала төлейтін еді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Кім құрманы сәләм жолымен алдын ала сатып алса, белгілі өлшеммен және белгілі салмақпен сатып алсын”, – деді». Басқа риуаятта: «Белгілі мерзімге», – делінген.