Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 113

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
4. Дәрет кітабыكِتَابُ الْوُضُوءِ
бап
3. Күмән туған жағдайда анық көз жеткізбейінше дәрет алмау туралыبَابُ مَنْ لَا يَتَوَضَّأُ مِنَ الشَّكِّ حَتَّى يَسْتَيْقِنَ
Нөмірі
№ 113 (Мухтасар реті) · Сахих: № 137
113
Бұхари, № 113 · Сахих: 137Риуаят етуші: Абдулла ибн Зәйд әл-Ансари (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ زَيْدٍ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ شَكَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ الرَّجُلَ الَّذِي يُخَيَّلُ إِلَيْهِ أَنَّهُ يَجِدُ الشَّيْءَ فِي الصَّلَاةِ، فَقَالَ: «لَا يَنْفَتِلْ - أَوْ لَا يَنْصَرِفْ - حَتَّى يَسْمَعَ صَوْتًا أَوْ يَجِدَ رِيحًا».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Зәйд әл-Ансаридің (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісіне (с.а.с.) намаз үстінде өзінен бір нәрсе шыққандай болып күмәнданатын адамның жағдайы айтылды. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Дыбысын естімейінше немесе иісін сезбейінше, намазын үзбесін яки намаздан шықпасын», – деді.