Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 125

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
4. Дәрет кітабыكِتَابُ الْوُضُوءِ
бап
15. Таспен тазалану туралыبَابُ الِاسْتِنْجَاءِ بِالْحِجَارَةِ
Нөмірі
№ 125 (Мухтасар реті) · Сахих: № 155
125
Бұхари, № 125 · Сахих: 155Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: اتَّبَعْتُ النَّبِيَّ ﷺ، وَخَرَجَ لِحَاجَتِهِ، فَكَانَ لَا يَلْتَفِتُ، فَدَنَوْتُ مِنْهُ، فَقَالَ: «اِبْغِنِي أَحْجَارًا أَسْتَنْفِضْ بِهَا - أَوْ نَحْوَهُ - وَلَا تَأْتِنِي بِعَظْمٍ، وَلَا رَوْثٍ». فَأَتَيْتُهُ بِأَحْجَارٍ بِطَرَفِ ثِيَابِي، فَوَضَعْتُهَا إِلَى جَنْبِهِ، وَأَعْرَضْتُ عَنْهُ، فَلَمَّا قَضَى أَتْبَعَهُ بِهِنَّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) дәрет сындыру үшін шыққанда, мен оның соңынан ердім. Ол артына бұрылып қарамайтын. Мен оған жақындағанымда, ол: “Тазалануым үшін маған бірнеше тас тауып әкел”, – деді немесе осыған ұқсас сөз айтты. Сондай-ақ: “Бірақ сүйек те, тезек те әкелме”, – деді. Мен киімімнің етегіне бірнеше тас салып әкеліп, жанына қойдым да, одан теріс айналдым. Ол қажетін өтеп болғаннан кейін сол тастармен тазаланды».