Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 135

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
4. Дәрет кітабыكِتَابُ الْوُضُوءِ
бап
24. Намаз уақыты кіргенде дәрет алатын су іздеу туралыبَابُ اِلْتِمَاسِ الْوَضُوءِ إِذَا حَانَتِ الصَّلَاةُ
Нөмірі
№ 135 (Мухтасар реті) · Сахих: № 169
135
Бұхари, № 135 · Сахих: 169Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ قَالَ: رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَحَانَتْ صَلَاةُ الْعَصْرِ، فَالْتَمَسَ النَّاسُ الْوَضُوءَ فَلَمْ يَجِدُوهُ، فَأُتِيَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِوَضُوءٍ، فَوَضَعَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي ذَلِكَ الْإِنَاءِ يَدَهُ، وَأَمَرَ النَّاسَ أَنْ يَتَوَضَّئُوا مِنْهُ، قَالَ: فَرَأَيْتُ الْمَاءَ يَنْبُعُ مِنْ تَحْتِ أَصَابِعِهِ حَتَّى تَوَضَّئُوا مِنْ عِنْدِ آخِرِهِمْ.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деген: «Мен Алла Елшісін (с.а.с.) екінті намазының уақыты кірген кезде көрдім. Адамдар дәрет алатын су іздеді, бірақ таба алмады. Сонда Алла Елшісіне (с.а.с.) дәрет алуға арналған су әкелінді. Алла Елшісі (с.а.с.) қолын сол ыдысқа салып, адамдарға одан дәрет алуды бұйырды». Әнәс (р.а.): «Сол кезде оның саусақтарының астынан судың бұрқ етіп шығып жатқанын көрдім. Сөйтіп, адамдардың ең соңғысына дейін бәрі сол судан дәрет алды», – деген.