Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 144

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
4. Дәрет кітабыكِتَابُ الْوُضُوءِ
бап
30. Бастың барлығына мәсіх тарту туралыبَابُ مَسْحِ الرَّأْسِ كُلِّهِ
Нөмірі
№ 144 (Мухтасар реті) · Сахих: № 185
144
Бұхари, № 144 · Сахих: 185Риуаят етуші: Абдулла ибн Зәйд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ قَالَ لَهُ رَجُلٌ: «أَتَسْتَطِيعُ أَنْ تُرِيَنِي كَيْفَ كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَتَوَضَّأُ؟» فَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ زَيْدٍ: «نَعَمْ»، فَدَعَا بِمَاءٍ، فَأَفْرَغَ عَلَى يَدَيْهِ فَغَسَلَهُمَا مَرَّتَيْنِ، ثُمَّ مَضْمَضَ وَاسْتَنْثَرَ ثَلَاثًا، ثُمَّ غَسَلَ وَجْهَهُ ثَلَاثًا، ثُمَّ غَسَلَ يَدَيْهِ مَرَّتَيْنِ مَرَّتَيْنِ إِلَى الْمِرْفَقَيْنِ، ثُمَّ مَسَحَ رَأْسَهُ بِيَدَيْهِ، فَأَقْبَلَ بِهِمَا وَأَدْبَرَ، بَدَأَ بِمُقَدَّمِ رَأْسِهِ حَتَّى ذَهَبَ بِهِمَا إِلَى قَفَاهُ، ثُمَّ رَدَّهُمَا إِلَى الْمَكَانِ الَّذِي بَدَأَ مِنْهُ، ثُمَّ غَسَلَ رِجْلَيْهِ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Зәйдтің (р.а.) жеткізуінше, бір адам одан: «Алла Елшісінің (с.а.с.) қалай дәрет алғанын маған көрсетіп бере аласыз ба?» – деп сұрады. Абдулла ибн Зәйд: «Иә», – деп, су алдырды. Суды екі қолына құйып, оларды екі рет жуды. Содан кейін аузын шайып, мұрнына тартқан суды қайта шығарды. Мұны үш рет қайталады. Кейін жүзін үш рет, екі қолын шынтақтарына дейін екі реттен жуды. Одан соң екі қолымен басына мәсіх тартып, қолдарын алға және артқа жүргізді: басының алдыңғы жағынан бастап, екі қолын желкесіне дейін апарды да, қайтадан бастаған жеріне әкелді. Артынша екі аяғын жуды.