Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 148

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
4. Дәрет кітабыكِتَابُ الْوُضُوءِ
бап
33. Пайғамбардың (с.а.с.) дәрет суын есінен танған адамның үстіне құюы туралыبَابُ صَبِّ النَّبِيِّ ﷺ وَضُوءَهُ عَلَى الْمُغْمَى عَلَيْهِ
Нөмірі
№ 148 (Мухтасар реті) · Сахих: № 194
148
Бұхари, № 148 · Сахих: 194Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: جَاءَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَعُودُنِي، وَأَنَا مَرِيضٌ لَا أَعْقِلُ، فَتَوَضَّأَ وَصَبَّ عَلَيَّ مِنْ وَضُوئِهِ، فَعَقَلْتُ، فَقُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، لِمَنِ الْمِيرَاثُ؟ إِنَّمَا يَرِثُنِي كَلَالَةٌ»، فَنَزَلَتْ آيَةُ الْفَرَائِضِ.

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай деген: «Мен ауырып, ес-түсімді білмей жатқанымда, Алла Елшісі (с.а.с.) халімді сұрап келді. Ол (с.а.с.) дәрет алып, дәретінен қалған суды үстіме құйды. Сонда есімді жидым да: “Уа, Расулалла! Менің мұрам кімге қалады? Әкем де, балам да жоқ, маған өзге туыстарым ғана мұрагер болады”, – дедім. Осыдан кейін мұра үлестері туралы аят түсті».