Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 152

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
4. Дәрет кітабыكِتَابُ الْوُضُوءِ
бап
35. Тостағаннан дәрет алу туралыبَابُ الْوُضُوءِ مِنَ التَّوْرِ
Нөмірі
№ 152 (Мухтасар реті) · Сахих: № 200
152
Бұхари, № 152 · Сахих: 200Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ دَعَا بِإِنَاءٍ مِنْ مَاءٍ، فَأُتِيَ بِقَدَحٍ رَحْرَاحٍ، فِيهِ شَيْءٌ مِنْ مَاءٍ، فَوَضَعَ أَصَابِعَهُ فِيهِ. قَالَ أَنَسٌ: فَجَعَلْتُ أَنْظُرُ إِلَى الْمَاءِ يَنْبُعُ مِنْ بَيْنِ أَصَابِعِهِ. قَالَ أَنَسٌ: فَحَزَرْتُ مَنْ تَوَضَّأَ، مَا بَيْنَ السَّبْعِينَ إِلَى الثَّمَانِينَ.

Қазақша аудармасы

Әнәстің (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) су құйылған бір ыдыс алдырды. Оған аз ғана суы бар кең әрі жайпақ тостаған әкелінді. Ол (с.а.с.) саусақтарын сол суға салды. Әнәс (р.а.): «Судың оның саусақтарының арасынан бұрқылдап шығып жатқанын көрдім», – деген. Әнәс (р.а.): «Сол судан дәрет алғандардың санын жетпіс пен сексеннің арасында деп шамаладым», – деген.