Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 163

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
4. Дәрет кітабыكِتَابُ الْوُضُوءِ
бап
42. Ұйқыдан кейін дәрет алу және бір-екі рет қалғып кету не басы шұлғып мүлгу дәретті бұзбайды деп есептегендер туралыبَابُ الْوُضُوءِ مِنَ النَّوْمِ وَمَنْ لَمْ يَرَ مِنَ النَّعْسَةِ وَالنَّعْسَتَيْنِ أَوِ الْخَفْقَةِ وُضُوءًا
Нөмірі
№ 163 (Мухтасар реті) · Сахих: № 213
163
Бұхари, № 163 · Сахих: 213Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِذَا نَعَسَ أَحَدُكُمْ فِي الصَّلَاةِ فَلْيَنَمْ، حَتَّى يَعْلَمَ مَا يَقْرَأُ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін риуаят еткен: «Сендердің бірің намазда қалғып кетсе, не оқып тұрғанын анық білетін күйге жеткенге дейін ұйықтасын».