عَنْ عُقْبَةَ بْنِ عَامِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ أَعْطَاهُ غَنَمًا يَقْسِمُهَا عَلَى صَحَابَتِهِ، فَبَقِيَ عَتُودٌ، فَذَكَرَهُ لِلنَّبِيِّ ﷺ فَقَالَ: «ضَحِّ بِهِ أَنْتَ».
Қазақша аудармасы
Уқба ибн Амир (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) маған сахабаларына бөліп беру үшін ұсақ мал тапсырды. Соңында бір жастан асқан теке артылып қалды. Бұл жайды Пайғамбарға (с.а.с.) айтқанымда, ол: “Оны өзің құрбандыққа шал”, – деді», – деп жеткізген.