عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَجُلًا أَتَى النَّبِيَّ ﷺ يَتَقَاضَاهُ، فَأَغْلَظَ، فَهَمَّ بِهِ أَصْحَابُهُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «دَعُوهُ، فَإِنَّ لِصَاحِبِ الْحَقِّ مَقَالًا»، ثُمَّ قَالَ: «أَعْطُوهُ سِنًّا مِثْلَ سِنِّهِ»، قَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، لَا نَجِدُ إِلَّا أَمْثَلَ مِنْ سِنِّهِ»، فَقَالَ: «أَعْطُوهُ، فَإِنَّ مِنْ خَيْرِكُمْ أَحْسَنَكُمْ قَضَاءً».
Әбу Һурайра (р.а.): «Бір адам Пайғамбарға (с.а.с.) келіп, қарызын талап етті әрі дөрекі сөйледі. Сахабалар оған ұмтылғанда, Алла Елшісі (с.а.с.): “Оны қоя беріңдер. Өйткені ақы иесінің сөйлеуге құқығы бар”, – деді. Кейін: “Оған өзінің түйесімен жасты түйе беріңдер”, – деді. Олар: “Уа, Расулалла! Оның түйесінен жасы үлкен түйе ғана бар”, – деді. Сонда ол: “Соны беріңдер. Расында, сендердің ең жақсыларың – қарызын ең көркем түрде өтейтіндерің”, – деді», – деп жеткізді.