عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: جَاءَ بِلَالٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ بِتَمْرٍ بَرْنِيٍّ، فَقَالَ لَهُ النَّبِيُّ ﷺ: «مِنْ أَيْنَ هَذَا؟» قَالَ بِلَالٌ: «كَانَ عِنْدَنَا تَمْرٌ رَدِيءٌ، فَبِعْتُ مِنْهُ صَاعَيْنِ بِصَاعٍ لِنُطْعِمَ النَّبِيَّ ﷺ»، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ عِنْدَ ذَلِكَ: «أَوَّهْ أَوَّهْ! عَيْنُ الرِّبَا عَيْنُ الرِّبَا. لَا تَفْعَلْ، وَلَكِنْ إِذَا أَرَدْتَ أَنْ تَشْتَرِيَ فَبِعِ التَّمْرَ بِبَيْعٍ آخَرَ، ثُمَّ اشْتَرِهِ».
Әбу Сағид әл-Худри (р.а.): «Біләл Пайғамбарға (с.а.с.) жоғары сапалы барни құрмасын алып келді. Пайғамбар (с.а.с.) одан: “Мұны қайдан алдың?” – деп сұрады. Біләл: “Бізде сапасы нашар құрма бар еді. Сізге ұсыну үшін оның екі сағын мына құрманың бір сағына айырбастап алдым”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Ойпырай, ойпырай! Бұл – өсімнің нақ өзі, өсімнің нақ өзі! Бұлай істеме. Егер осы құрманы сатып алғың келсе, алдымен өз құрмаңды бөлек мәмілемен сат та, содан кейін түскен ақшаға мұны сатып ал”, – деді», – деген.