Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1118

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
44. Даулар туралы кітапكِتَابُ الْخُصُومَاتِ
бап
1. Адамды сотқа ертіп әкелу және мұсылман мен яһуди арасындағы дау туралыبَابُ مَا يُذْكَرُ فِي الْإِشْخَاصِ وَالْخُصُومَةِ بَيْنَ الْمُسْلِمِ وَالْيَهُودِ
Нөмірі
№ 1118 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2413
1118
Бұхари, № 1118 · Сахих: 2413Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ يَهُودِيًّا رَضَّ رَأْسَ جَارِيَةٍ بَيْنَ حَجَرَيْنِ، قِيلَ: «مَنْ فَعَلَ هَذَا بِكِ؟ أَفُلَانٌ؟ أَفُلَانٌ؟» حَتَّى سُمِّيَ الْيَهُودِيُّ، فَأَوْمَأَتْ بِرَأْسِهَا، فَأُخِذَ الْيَهُودِيُّ، فَاعْتَرَفَ، فَأَمَرَ بِهِ النَّبِيُّ ﷺ فَرُضَّ رَأْسُهُ بَيْنَ حَجَرَيْنِ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Бір яһуди бір қыздың басын екі тастың арасына салып жаншыған еді. Одан: “Мұны саған кім істеді? Пәленше ме? Түгенше ме?” – деп сұрай берді. Ақыры әлгі яһудидің аты аталғанда, ол басымен ишара етті. Сонда яһуди ұсталып, қылмысын мойындады. Пайғамбар (с.а.с.) оны жазалауды бұйырып, оның да басы екі тастың арасына салынып жаншылды», – деп жеткізді.