Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 194

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
5. Ғұсыл кітабыكِتَابُ الْغُسْلِ
бап
6. Жұбайымен қайта жақындасу туралыبَابُ إِذَا جَامَعَ ثُمَّ عَادَ
Нөмірі
№ 194 (Мухтасар реті) · Сахих: № 268
194
Бұхари, № 194 · Сахих: 268Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَدُورُ عَلَى نِسَائِهِ فِي السَّاعَةِ الْوَاحِدَةِ مِنَ اللَّيْلِ وَالنَّهَارِ، وَهُنَّ إِحْدَى عَشْرَةَ – وَفِي رِوَايَةٍ: تِسْعُ نِسْوَةٍ – قِيلَ: «أَوَكَانَ يُطِيقُهُ؟» قَالَ: «كُنَّا نَتَحَدَّثُ أَنَّهُ أُعْطِيَ قُوَّةَ ثَلَاثِينَ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) түннің немесе күндіздің бір мезгілінде жұбайларын аралайтын. Олардың саны он бір еді». Басқа бір риуаятта «тоғыз әйел» деп берілген. Әнәстен: «Оның бұған шамасы жететін бе?» – деп сұралды. Ол: «Біз оның отыз адамның күшіне ие болғанын айтатынбыз», – деді.