عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَرَضَهُ يَوْمَ أُحُدٍ، وَهُوَ ابْنُ أَرْبَعَ عَشْرَةَ سَنَةً، فَلَمْ يُجِزْنِي، ثُمَّ عَرَضَنِي يَوْمَ الْخَنْدَقِ، وَأَنَا ابْنُ خَمْسَ عَشْرَةَ سَنَةً، فَأَجَازَنِي.
Қазақша аудармасы
Ибн Омар (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) Ұхұд күні мені шайқасқа қатысушылардың сапына қабылдау үшін қарап шықты. Ол кезде мен он төрт жаста едім, сондықтан мені қабылдамады. Кейін Хандақ күні мені қайта қарап шықты. Ол кезде мен он бес жаста едім, сонда мені қабылдады», – деп баяндаған.