عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ وَزَيْدِ بْنِ خَالِدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُمَا قَالَا: إِنَّ رَجُلًا مِنَ الْأَعْرَابِ أَتَى رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَنْشُدُكَ اللَّهَ إِلَّا قَضَيْتَ لِي بِكِتَابِ اللَّهِ»، فَقَالَ الْخَصْمُ الْآخَرُ – وَهُوَ أَفْقَهُ مِنْهُ –: «نَعَمْ، فَاقْضِ بَيْنَنَا بِكِتَابِ اللَّهِ، وَائْذَنْ لِي»، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «قُلْ». قَالَ: «إِنَّ اِبْنِي كَانَ عَسِيفًا عَلَى هَذَا، فَزَنَى بِامْرَأَتِهِ، وَإِنِّي أُخْبِرْتُ أَنَّ عَلَى اِبْنِي الرَّجْمَ، فَافْتَدَيْتُ مِنْهُ بِمِائَةِ شَاةٍ وَوَلِيدَةٍ، فَسَأَلْتُ أَهْلَ الْعِلْمِ، فَأَخْبَرُونِي أَنَّمَا عَلَى اِبْنِي جَلْدُ مِائَةٍ وَتَغْرِيبُ عَامٍ، وَأَنَّ عَلَى امْرَأَةِ هَذَا الرَّجْمَ»، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ لَأَقْضِيَنَّ بَيْنَكُمَا بِكِتَابِ اللَّهِ، الْوَلِيدَةُ وَالْغَنَمُ رَدٌّ عَلَيْكَ، وَعَلَى ابْنِكَ جَلْدُ مِائَةٍ وَتَغْرِيبُ عَامٍ. اُغْدُ يَا أُنَيْسُ إِلَى امْرَأَةِ هَذَا، فَإِنِ اِعْتَرَفَتْ فَارْجُمْهَا». قَالَ: فَغَدَا عَلَيْهَا، فَاعْتَرَفَتْ، فَأَمَرَ بِهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَرُجِمَتْ.
Әбу Һурайра мен Зәйд ибн Халид (р.а.) былай деген: «Бір бәдәуи Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Алланың атымен өтінемін, менің ісіме Алланың Кітабы бойынша үкім шығарыңыз”, – деді. Оның қарсыласы дінді одан жақсырақ білетін еді. Ол: “Иә, арамызға Алланың Кітабы бойынша үкім шығарыңыз әрі маған сөйлеуге рұқсат беріңіз”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Айта бер”, – деді. Ол: “Менің ұлым осы адамның жалдамалы жұмысшысы еді. Ол оның әйелімен зина жасады. Маған ұлымның жазасы тасборан екені айтылды. Сондықтан оны құтқарып қалу үшін жүз қой мен бір күң бердім. Кейін білім иелерінен сұрағанымда, олар ұлыма жүз дүре соғылып, бір жылға жер аударылатынын, ал мына адамның әйелі тасборан етілуге тиіс екенін айтты”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Жаным қолында болған Алланың атымен ант етемін, араларыңа міндетті түрде Алланың Кітабы бойынша үкім шығарамын. Күң мен қойлар өзіңе қайтарылады. Ал ұлыңа жүз дүре соғылып, ол бір жылға жер аударылады. Уа, Үнәйс! Ертең осы адамның әйеліне бар. Егер ол күнәсін мойындаса, оны тасборан ет”, – деді. Үнәйс ертеңіне әлгі әйелге барды. Әйел күнәсін мойындады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) оған үкім шығарып, ол тасборан етілді».