Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1355

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
57. Жизия және бітім туралы кітапكِتَابُ الْجِزْيَةِ وَالْمُوَادَعَةِ
бап
5. Мүшріктермен мал-мүлік және басқа да нәрселер арқылы бітім жасасу мен келісімге келу, сондай-ақ келісімін орындамаған адамның күнәсі туралыبَابُ الْمُوَادَعَةِ وَالْمُصَالَحَةِ مَعَ الْمُشْرِكِينَ بِالْمَالِ وَغَيْرِهِ وَإِثْمِ مَنْ لَمْ يَفِ بِالْعَهْدِ
Нөмірі
№ 1355 (Мухтасар реті) · Сахих: № 3173
1355
Бұхари, № 1355 · Сахих: 3173Риуаят етуші: Сәһл ибн Әбу Хасма (р.а.)

عَنْ سَهْلِ بْنِ أَبِي حَثْمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: اِنْطَلَقَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ سَهْلٍ وَمُحَيِّصَةُ بْنُ مَسْعُودِ بْنِ زَيْدٍ إِلَى خَيْبَرَ وَهِيَ يَوْمَئِذٍ صُلْحٌ، فَتَفَرَّقَا، فَأَتَى مُحَيِّصَةُ إِلَى عَبْدِ اللَّهِ بْنِ سَهْلٍ وَهُوَ يَتَشَحَّطُ فِي دَمِهِ قَتِيلًا، فَدَفَنَهُ ثُمَّ قَدِمَ الْمَدِينَةَ، فَاِنْطَلَقَ عَبْدُ الرَّحْمَنِ بْنُ سَهْلٍ وَمُحَيِّصَةُ وَحُوَيِّصَةُ ابْنَا مَسْعُودٍ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَذَهَبَ عَبْدُ الرَّحْمَنِ يَتَكَلَّمُ، فَقَالَ: «كَبِّرْ، كَبِّرْ». وَهُوَ أَحْدَثُ الْقَوْمِ، فَسَكَتَ فَتَكَلَّمَا، فَقَالَ: «أَتَحْلِفُونَ وَتَسْتَحِقُّونَ دَمَ قَاتِلِكُمْ أَوْ صَاحِبِكُمْ؟» قَالُوا: «وَكَيْفَ نَحْلِفُ وَلَمْ نَشْهَدْ وَلَمْ نَرَ؟» قَالَ: «فَتُبَرِّئُكُمْ يَهُودُ بِخَمْسِينَ يَمِينًا». فَقَالُوا: «كَيْفَ نَأْخُذُ أَيْمَانَ قَوْمٍ كُفَّارٍ؟» فَعَقَلَهُ النَّبِيُّ ﷺ مِنْ عِنْدِهِ.

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Әбу Хасма (р.а.): «Абдулла ибн Сәһл мен Мұхаййиса ибн Масғуд ибн Зәйд Хайбарға аттанды. Ол кезде Хайбармен бітім жасалған болатын. Екеуі барғаннан кейін бір-бірінен бөлініп кетті. Кейін Мұхаййиса Абдулла ибн Сәһлге келсе, ол өлтіріліп, өз қанына боялып жатыр екен. Мұхаййиса оны жерледі де, Мәдинаға қайтып келді. Содан кейін Абдуррахман ибн Сәһл және Масғудтың екі ұлы Мұхаййиса мен Хуаййиса Пайғамбарға (с.а.с.) барды. Абдуррахман сөйлей бастағанда, Пайғамбар (с.а.с.): “Үлкенің сөйлесін! Үлкенің сөйлесін!” – деді. Өйткені Абдуррахман олардың ең жасы еді. Сонда ол үндемей қалды да, Мұхаййиса мен Хуаййиса сөйледі. Пайғамбар (с.а.с.): “Ант ішіп, кісі өлтірушіні жазалатуға, яки жолдастарыңның құнын алуға ақылы боласыңдар ма?” – деді. Олар: “Біз оған куә болмасақ әрі өз көзімізбен көрмесек, қалай ант ішеміз?” – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Онда яһудилер елу рет ант ішіп, сендердің алдарыңда өздерін ақтасын”, – деді. Олар: “Кәпір қауымның анттарын қалай қабылдаймыз?” – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) марқұмның құнын қазынадан төлеп берді», – деп жеткізді.