Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1389

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
58. Жаратылыстың басталуы туралы кітапكِتَابُ بَدْءِ الْخَلْقِ
бап
6. Жәннаттың сипаты әрі оның жаратылып қойылғаны жайында айтылғандарبَابُ مَا جَاءَ فِي صِفَةِ الْجَنَّةِ وَأَنَّهَا مَخْلُوقَةٌ
Нөмірі
№ 1389 (Мухтасар реті) · Сахих: № 3248
1389
Бұхари, № 1389 · Сахих: 3248Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أُهْدِيَ لِلنَّبِيِّ ﷺ جُبَّةُ سُنْدُسٍ، وَكَانَ يَنْهَى عَنِ الْحَرِيرِ، فَعَجِبَ النَّاسُ مِنْهَا، فَقَالَ: «وَالَّذِي نَفْسُ مُحَمَّدٍ بِيَدِهِ لَمَنَادِيلُ سَعْدِ بْنِ مُعَاذٍ فِي الْجَنَّةِ أَحْسَنُ مِنْ هَذَا».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Пайғамбарға (с.а.с.) жұқа жібектен тігілген шапан сыйға тартылды. Ол жібек киюге тыйым салатын еді. Адамдар әлгі шапанға таңғалды. Сонда ол: “Мұхаммедтің жаны қолында болған Алланың атымен ант етемін, Сағд ибн Мұғаздың жәннаттағы орамалдары бұдан да көркем”, – деді», – деп жеткізді.