Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1399

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
58. Жаратылыстың басталуы туралы кітапكِتَابُ بَدْءِ الْخَلْقِ
бап
8. Ібіліс пен оның әскерлерінің сипаты туралыبَابُ صِفَةِ إِبْلِيسَ وَجُنُودِهِ
Нөмірі
№ 1399 (Мухтасар реті) · Сахих: № 3280
1399
Бұхари, № 1399 · Сахих: 3280Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِذَا كَانَ جُنْحُ اللَّيْلِ فَكُفُّوا صِبْيَانَكُمْ، فَإِنَّ الشَّيَاطِينَ تَنْتَشِرُ حِينَئِذٍ، فَإِذَا ذَهَبَ سَاعَةٌ مِنَ الْعِشَاءِ فَخَلُّوهُمْ، وَأَغْلِقْ بَابَكَ وَاذْكُرِ اسْمَ اللَّهِ، وَأَطْفِئْ مِصْبَاحَكَ وَاذْكُرِ اسْمَ اللَّهِ، وَأَوْكِ سِقَاءَكَ وَاذْكُرِ اسْمَ اللَّهِ، وَخَمِّرْ إِنَاءَكَ وَاذْكُرِ اسْمَ اللَّهِ، وَلَوْ تَعْرُضُ عَلَيْهِ شَيْئًا».

Қазақша аудармасы

Жәбирдің (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Түн түсе бастағанда балаларыңды көшеге шығармай ұстаңдар. Өйткені дәл сол уақытта шайтандар жан-жаққа таралады. Түннің біраз уақыты өткен соң оларды жібере беріңдер. Есігіңді жауып, Алланың атын ата. Шырағыңды сөндіріп, Алланың атын ата. Торсығыңның аузын байлап, Алланың атын ата. Ыдысыңның бетін жауып, Алланың атын ата, тіпті оның үстіне көлденеңінен бір нәрсе қоя салсаң да», – деген.