عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَرْفَعُهُ: «إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى يَقُولُ لِأَهْوَنِ أَهْلِ النَّارِ عَذَابًا: “لَوْ أَنَّ لَكَ مَا فِي الْأَرْضِ مِنْ شَيْءٍ كُنْتَ تَفْتَدِي بِهِ؟” قَالَ: “نَعَمْ”. قَالَ: “فَقَدْ سَأَلْتُكَ مَا هُوَ أَهْوَنُ مِنْ هَذَا وَأَنْتَ فِي صُلْبِ آدَمَ، أَنْ لَا تُشْرِكَ بِي، فَأَبَيْتَ إِلَّا الشِّرْكَ”».
Әнәс (р.а.) Пайғамбардан (с.а.с.) былай деп жеткізген: «Расында, Алла тозақ тұрғындарының ішіндегі азабы ең жеңіл адамға: “Егер жер бетіндегі барлық нәрсе сенікі болса, өзіңді құтқару үшін соның бәрін берер ме едің?” – дейді. Ол: “Иә”, – дейді. Сонда Алла: “Сен Адамның белінде болған кезіңде Мен сенен бұдан да жеңіл нәрсені – Маған ешнәрсені серік қоспауды талап еткен едім. Алайда сен Маған серік қосудан бас тартпадың”, – дейді».