عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «يَقُولُ اللَّهُ تَبَارَكَ وَتَعَالَى: “يَا آدَمُ”. فَيَقُولُ: “لَبَّيْكَ وَسَعْدَيْكَ، وَالْخَيْرُ فِي يَدَيْكَ”. فَيَقُولُ: “أَخْرِجْ بَعْثَ النَّارِ”. قَالَ: “وَمَا بَعْثُ النَّارِ؟” قَالَ: “مِنْ كُلِّ أَلْفٍ تِسْعَ مِائَةٍ وَتِسْعَةً وَتِسْعِينَ”، فَعِنْدَهُ يَشِيبُ الصَّغِيرُ، وَتَضَعُ كُلُّ ذَاتِ حَمْلٍ حَمْلَهَا، وَتَرَى النَّاسَ سُكَارَى وَمَا هُمْ بِسُكَارَى، وَلَكِنَّ عَذَابَ اللَّهِ شَدِيدٌ». قَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَأَيُّنَا ذَلِكَ الْوَاحِدُ؟» قَالَ: «أَبْشِرُوا، فَإِنَّ مِنْكُمْ رَجُلًا وَمِنْ يَأْجُوجَ وَمَأْجُوجَ أَلْفًا».
ثُمَّ قَالَ: «وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ، إِنِّي أَرْجُو أَنْ تَكُونُوا رُبُعَ أَهْلِ الْجَنَّةِ». فَكَبَّرْنَا، فَقَالَ: «أَرْجُو أَنْ تَكُونُوا ثُلُثَ أَهْلِ الْجَنَّةِ». فَكَبَّرْنَا، فَقَالَ: «أَرْجُو أَنْ تَكُونُوا نِصْفَ أَهْلِ الْجَنَّةِ». فَكَبَّرْنَا، فَقَالَ: «مَا أَنْتُمْ فِي النَّاسِ إِلَّا كَالشَّعَرَةِ السَّوْدَاءِ فِي جِلْدِ ثَوْرٍ أَبْيَضَ، أَوْ كَشَعَرَةٍ بَيْضَاءَ فِي جِلْدِ ثَوْرٍ أَسْوَدَ».
Әбу Сағид әл-Худридің (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Аса берекелі де ұлы Алла: “Уа, Адам!” – дейді. Адам: “Әміріңе әзірмін, қызметіңе дайынмын! Барлық жақсылық Сенің қолыңда”, – деп жауап береді. Алла: “Тозаққа жіберілетіндерді шығар”, – дейді. Адам: “Тозаққа жіберілетіндер қанша?” – деп сұрайды. Алла: “Әр мың адамның тоғыз жүз тоқсан тоғызын”, – дейді. Сол кезде жас баланың шашы ағарады, әрбір жүкті әйел іш тастайды. Әрі адамдардың бәрін ес-түсінен айырылған мас күйде көресің, әсілі, олар мас емес. Алайда Алланың азабы тым қатты», – деген. Олар: «Уа, Расулалла! Сол бір адам арамыздағы қайсымыз болмақ?» – деп сұрады. Ол: «Сүйініңдер! Сендерден бір адам болса, Яжуж бен Мәжуждан мың адам болады», – деді.
Содан кейін: «Жаным қолында болған Алланың атымен ант етемін, сендер жәннат тұрғындарының төрттен бірін құрайсыңдар деп үміттенемін», – деді. Біз тәкбір айттық. Ол: «Сендер жәннат тұрғындарының үштен бірін құрайсыңдар деп үміттенемін», – деді. Біз тағы да тәкбір айттық. Ол: «Сендер жәннат тұрғындарының жартысын құрайсыңдар деп үміттенемін», – деді. Біз тағы да тәкбір айттық. Содан кейін ол: «Сендер адамзаттың арасында ақ бұқаның терісіндегі жалғыз қара қылдай немесе қара бұқаның терісіндегі жалғыз ақ қылдайсыңдар», – деді.