Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1429

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
59. Пайғамбарлар туралы хадистер кітабыكِتَابُ أَحَادِيثِ الْأَنْبِيَاءِ
бап
3. Алла Тағаланың: «Алла Ибраһимді сырлас дос тұтқан еді» («Ниса», 125‑аят) деген сөзі туралыبَابُ قَوْلِ اللَّهِ تَعَالَى: ﴿وَاتَّخَذَ اللَّهُ إِبْرَاهِيمَ خَلِيلًا﴾ [النِّسَاءِ: 125]
Нөмірі
№ 1429 (Мухтасар реті) · Сахих: № 3366
1429
Бұхари, № 1429 · Сахих: 3366Риуаят етуші: Әбу Зәрр (р.а.)

عَنْ أَبِي ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَيُّ مَسْجِدٍ وُضِعَ فِي الْأَرْضِ أَوَّلَ؟» قَالَ: «الْمَسْجِدُ الْحَرَامُ». قَالَ: قُلْتُ: «ثُمَّ أَيٌّ؟» قَالَ: «الْمَسْجِدُ الْأَقْصَى». قُلْتُ: «كَمْ كَانَ بَيْنَهُمَا؟» قَالَ: «أَرْبَعُونَ سَنَةً، ثُمَّ أَيْنَمَا أَدْرَكَتْكَ الصَّلَاةُ بَعْدُ فَصَلِّهْ، فَإِنَّ الْفَضْلَ فِيهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.) былай деген: «Мен: “Уа, Расулалла! Жер бетінде ең алғаш қай мешіт салынды?” – деп сұрадым. Ол: “Харам мешіті”, – деді. Мен: “Одан кейін қайсысы?” – деп сұрадым. Ол: “Ақса мешіті”, – деді. Мен: “Екеуінің арасы қанша уақыт?” – деп сұрадым. Ол: “Қырық жыл. Одан кейін қай жерде намаз уақыты кірсе, намазыңды сол жерде оқы. Өйткені намазды уақыты кіргенде оқыған абзал”, – деді».