عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «كَمَلَ مِنَ الرِّجَالِ كَثِيرٌ، وَلَمْ يَكْمُلْ مِنَ النِّسَاءِ إِلَّا آسِيَةُ امْرَأَةُ فِرْعَوْنَ، وَمَرْيَمُ بِنْتُ عِمْرَانَ، وَإِنَّ فَضْلَ عَائِشَةَ عَلَى النِّسَاءِ كَفَضْلِ الثَّرِيدِ عَلَى سَائِرِ الطَّعَامِ».
Қазақша аудармасы
Әбу Мұса (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Ер адамдардың арасынан кемелдікке жеткендер көп болды. Ал әйелдердің арасынан Перғауынның әйелі Асия мен Имранның қызы Мәриямнан басқа ешкім кемелдікке жеткен жоқ. Айшаның өзге әйелдерден артықшылығы – сәрид тағамының өзге тағамдардан артықшылығы секілді”, – деді», – деп жеткізді.