وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «رَأَى عِيسَى ابْنُ مَرْيَمَ رَجُلًا يَسْرِقُ، فَقَالَ لَهُ: “أَسَرَقْتَ؟” قَالَ: “كَلَّا وَاللَّهِ الَّذِي لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ”، فَقَالَ عِيسَى: “آمَنْتُ بِاللَّهِ، وَكَذَّبْتُ عَيْنِي”».
Қазақша аудармасы
Одан (р.а.) жеткен хабарда Пайғамбар (с.а.с.): «Мәриямұлы Иса бір адамның ұрлық жасап жатқанын көріп, одан: “Ұрлық жасадың ба?” – деп сұрады. Әлгі адам: “Жоқ! Өзінен басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ Алланың атымен ант етемін!” – деді. Сонда Иса: “Аллаға сендім де, өз көзімді өтірікке шығардым”, – деді», – деген.