Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1455

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
59. Пайғамбарлар туралы хадистер кітабыكِتَابُ أَحَادِيثِ الْأَنْبِيَاءِ
бап
18. Исраил ұрпақтары жайында айтылғандарبَابُ مَا ذُكِرَ عَنْ بَنِي إِسْرَائِيلَ
Нөмірі
№ 1455 (Мухтасар реті) · Сахих: № 3450
1455
Бұхари, № 1455 · Сахих: 3450Риуаят етуші: Хузайфа (р.а.)

عَنْ حُذَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ مَعَ الدَّجَّالِ إِذَا خَرَجَ مَاءً وَنَارًا، فَأَمَّا الَّذِي يَرَى النَّاسُ أَنَّهَا النَّارُ فَمَاءٌ بَارِدٌ، وَأَمَّا الَّذِي يَرَى النَّاسُ أَنَّهُ مَاءٌ بَارِدٌ فَنَارٌ تُحْرِقُ، فَمَنْ أَدْرَكَ مِنْكُمْ فَلْيَقَعْ فِي الَّذِي يَرَى أَنَّهَا نَارٌ، فَإِنَّهُ عَذْبٌ بَارِدٌ».

Қазақша аудармасы

Хузайфа (р.а.) былай деген: «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Дәжжал шыққан кезде онымен бірге су мен от болады. Адамдарға от болып көрінгені – салқын су, ал салқын су болып көрінгені – күйдіретін от. Араларыңнан кім оған тап болса, от болып көрінгеніне түссін. Өйткені ол – тұщы әрі салқын су”, – дегенін естідім».