Хадис
كِتَابُ الْحَيْضِ

Етеккір кітабы

Сахих әл-Бұхари, 6-кітап · 20 хадис · № 204–223

Мазмұны: 17 бап
  1. 1Етеккір көрген әйелдерге бұйырылған амалдар туралы
  2. 2Етеккірлі әйелдің күйеуінің басын жуып, шашын тарауы туралы
  3. 3Ер адамның етеккірлі жұбайының тізесіне басын қойып, Құран оқуы туралы
  4. 4Нифасты етеккір деп атау туралы
  5. 5Етеккірлі әйелді аймалау туралы
  6. 6Етеккірлі әйелдің ораза ұстамауы туралы
  7. 7Истихада көрген әйелдің иғтикафқа отыруы туралы
  8. 8Әйелдің етеккірден кейін ғұсыл құйынғанда хош иіс қолдануы туралы
  9. 9Етеккірден тазарған әйелдің денесін ысқылап жууы туралы
  10. 10Әйелдің етеккірден кейін ғұсыл құйынғанда шашын тарауы туралы
  11. 11Әйелдің етеккірден кейін ғұсыл құйынғанда шашын тарқатуы туралы
  12. 12Етеккір кезінде оқылмаған намаздардың қазасын өтемеу туралы
  13. 13Киімі үстіндегі етеккірлі әйелмен бірге ұйықтау туралы
  14. 14Етеккірлі әйелдің екі айтқа қатысуы туралы
  15. 15Етеккір күндерінен тыс кезде байқалатын сарғыш және қошқыл бөлінді туралы
  16. 16Әйелдің ифада тауабынан кейін етеккірінің келуі туралы
  17. 17Нифас кезінде қайтыс болған әйелге жаназа намазын оқу туралы
بَابُ الْأَمْرِ بِالنُّفَسَاءِ إِذَا نَفِسْنَ

1-бапЕтеккір көрген әйелдерге бұйырылған амалдар туралы

204
Бұхари, № 204 · Сахих: 294Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: خَرَجْنَا لَا نَرَى إِلَّا الْحَجَّ، فَلَمَّا كُنَّا بِسَرِفَ حِضْتُ، فَدَخَلَ عَلَيَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَأَنَا أَبْكِي، قَالَ: «مَا لَكِ، أَنُفِسْتِ؟» قُلْتُ: «نَعَمْ»، قَالَ: «إِنَّ هَذَا أَمْرٌ كَتَبَهُ اللَّهُ عَلَى بَنَاتِ آدَمَ، فَاقْضِي مَا يَقْضِي الْحَاجُّ، غَيْرَ أَلَّا تَطُوفِي بِالْبَيْتِ». قَالَتْ: وَضَحَّى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنْ نِسَائِهِ بِالْبَقَرِ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Біз қажылықтан басқа ештеңені ниет етпестен жолға шықтық. Сариф деген жерге жеткенде, етеккірім келді. Мен жылап отырғанымда, Алла Елшісі (с.а.с.) қасыма кіріп: “Саған не болды? Етеккірің келді ме?” – деп сұрады. Мен: “Иә”, – дедім. Ол (с.а.с.): “Расында, бұл – Алланың Адам қыздарына жазған нәрсесі. Қажылық жасаушы орындайтын амалдардың бәрін орында, тек Қағбаны тауап етпе”, – деді». Айша (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) жұбайларының атынан сиырды құрбандыққа шалды», – деген.

بَابُ غَسْلِ الْحَائِضِ رَأْسَ زَوْجِهَا وَتَرْجِيلِهِ

2-бапЕтеккірлі әйелдің күйеуінің басын жуып, шашын тарауы туралы

205
Бұхари, № 205 · Сахих: 295Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: كُنْتُ أُرَجِّلُ رَأْسَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَأَنَا حَائِضٌ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Мен етеккірлі кезімде Алла Елшісінің (с.а.с.) шашын тарайтынмын».

206
Бұхари, № 206 · Сахих: 296

وَفِي رِوَايَةٍ: وَهُوَ فِي الْمَسْجِدِ، يُدْنِي لَهَا رَأْسَهُ وَهِيَ فِي حُجْرَتِهَا، فَتُرَجِّلُهُ وَهِيَ حَائِضٌ.

Қазақша аудармасы

Басқа бір риуаятта Алла Елшісі (с.а.с.) мешітте отырып, басын бөлмесінде отырған Айшаға қарай созып беретіні, ал Айша етеккірлі күйінде оның шашын тарайтыны айтылған.

بَابُ قِرَاءَةِ الرَّجُلِ فِي حَجْرِ اِمْرَأَتِهِ وَهِيَ حَائِضٌ

3-бапЕр адамның етеккірлі жұбайының тізесіне басын қойып, Құран оқуы туралы

207
Бұхари, № 207 · Сахих: 297

وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: إِنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يَتَّكِئُ فِي حَجْرِي وَأَنَا حَائِضٌ، ثُمَّ يَقْرَأُ الْقُرْآنَ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Мен етеккірлі кезімде Пайғамбар (с.а.с.) тіземе басын қойып жатып, Құран оқитын».

بَابُ مَنْ سَمَّى النِّفَاسَ حَيْضًا

4-бапНифасты етеккір деп атау туралы

208
Бұхари, № 208 · Сахих: 298Риуаят етуші: Үммі Сәләма (р.а.)

عَنْ أُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: بَيْنَا أَنَا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ مُضْطَجِعَةٌ فِي خَمِيصَةٍ، إِذْ حِضْتُ، فَانْسَلَلْتُ، فَأَخَذْتُ ثِيَابَ حِيضَتِي، قَالَ: «أَنُفِسْتِ؟» قُلْتُ: «نَعَمْ»، فَدَعَانِي، فَاضْطَجَعْتُ مَعَهُ فِي الْخَمِيلَةِ.

Қазақша аудармасы

Үммі Сәләмә (р.а.) былай деген: «Мен Пайғамбармен (с.а.с.) бірге өрнегі бар қара жамылғының астында жатқан едім. Сол кезде етеккірім келді. Мен білдірмей орнымнан тұрып, етеккір кезінде киетін киімдерімді алдым. Ол (с.а.с.): “Етеккірің келді ме?” – деп сұрады. Мен: “Иә”, – дедім. Сонда ол мені шақырды да, мен онымен бірге жұмсақ жамылғының астына қайта жаттым».

بَابُ مُبَاشَرَةِ الْحَائِضِ

5-бапЕтеккірлі әйелді аймалау туралы

209
Бұхари, № 209 · Сахих: 299, 300, 301Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: كُنْتُ أَغْتَسِلُ أَنَا وَالنَّبِيُّ ﷺ مِنْ إِنَاءٍ وَاحِدٍ كِلَانَا جُنُبٌ. وَكَانَ يَأْمُرُنِي، فَأَتَّزِرُ، فَيُبَاشِرُنِي وَأَنَا حَائِضٌ. وَكَانَ يُخْرِجُ رَأْسَهُ إِلَيَّ وَهُوَ مُعْتَكِفٌ فَأَغْسِلُهُ وَأَنَا حَائِضٌ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) екеуіміз жүніп күйімізде бір ыдыстағы судан бірге ғұсыл құйынатынбыз. Ол (с.а.с.) маған белімді изармен орауды бұйыратын да, етеккірлі күйімде мені аймалайтын. Ол (с.а.с.) иғтикафта отырған кезінде басын маған қарай шығаратын, ал мен етеккірлі күйімде оның басын жуатынмын».

210
Бұхари, № 210 · Сахих: 302

وَفِي رِوَايَةٍ عَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: كَانَتْ إِحْدَانَا إِذَا أَرَادَ النَّبِيُّ ﷺ أَنْ يُبَاشِرَهَا وَهِيَ حَائِضٌ، أَمَرَهَا أَنْ تَتَّزِرَ ثُمَّ يُبَاشِرُهَا. قَالَتْ: «وَأَيُّكُمْ يَمْلِكُ إِرْبَهُ كَمَا كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يَمْلِكُ إِرْبَهُ؟»

Қазақша аудармасы

Басқа бір риуаятта Айша (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) арамыздағы етеккірлі бір әйелді аймалағысы келсе, оған белін изармен орауды бұйыратын да, содан кейін оны аймалайтын». Айша (р.а.): «Алайда сендердің қайсың Пайғамбар (с.а.с.) өз нәпсісін тізгіндегендей, өз нәпсісін тізгіндей алады?» – деген.

بَابُ تَرْكِ الْحَائِضِ الصَّوْمَ

6-бапЕтеккірлі әйелдің ораза ұстамауы туралы

211
Бұхари, № 211 · Сахих: 304Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: خَرَجَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي أَضْحَى أَوْ فِطْرٍ إِلَى الْمُصَلَّى، فَمَرَّ عَلَى النِّسَاءِ، فَقَالَ: «يَا مَعْشَرَ النِّسَاءِ، تَصَدَّقْنَ؛ فَإِنِّي أُرِيتُكُنَّ أَكْثَرَ أَهْلِ النَّارِ». فَقُلْنَ: «وَبِمَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «تُكْثِرْنَ اللَّعْنَ، وَتَكْفُرْنَ الْعَشِيرَ، مَا رَأَيْتُ مِنْ نَاقِصَاتِ عَقْلٍ وَدِينٍ أَذْهَبَ لِلُبِّ الرَّجُلِ الْحَازِمِ مِنْ إِحْدَاكُنَّ»، قُلْنَ: «وَمَا نُقْصَانُ دِينِنَا وَعَقْلِنَا، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «أَلَيْسَ شَهَادَةُ الْمَرْأَةِ مِثْلَ نِصْفِ شَهَادَةِ الرَّجُلِ؟» قُلْنَ: «بَلَى»، قَالَ: «فَذَلِكَ مِنْ نُقْصَانِ عَقْلِهَا، أَلَيْسَ إِذَا حَاضَتْ لَمْ تُصَلِّ وَلَمْ تَصُمْ؟» قُلْنَ: «بَلَى»، قَالَ: «فَذَلِكَ مِنْ نُقْصَانِ دِينِهَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) Құрбан айт немесе Ораза айт күні намаз оқылатын жерге шықты. Әйелдердің жанынан өтіп бара жатып: “Уа, әйелдер қауымы! Садақа беріңдер. Өйткені маған сендердің тозақ тұрғындарының басым көпшілігін құрайтындарың көрсетілді”, – деді. Олар: “Неліктен, уа, Расулалла?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Сендер көп қарғайсыңдар және күйеулеріңнің жақсылығын жоққа шығарасыңдар. Ақылы мен діні кем бола тұра, ақылды әрі байыпты ер адамның есін сендердің біріңдей алатын ешкімді көрген емеспін”, – деді. Олар: “Уа, Расулалла! Біздің дініміз бен ақылымыздың кемдігі неде?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Әйелдің куәлігі ер адамның куәлігінің жартысына тең емес пе?” – деді. Олар: “Иә”, – деді. Ол (с.а.с.): “Міне, оның ақылының кемдігі осыдан. Әйел етеккір көрген кезде намаз оқымай, ораза ұстамайтын емес пе?” – деді. Олар: “Иә”, – деді. Ол (с.а.с.): “Міне, оның дінінің кемдігі осыдан”, – деді».

بَابُ اِعْتِكَافِ الْمُسْتَحَاضَةِ

7-бапИстихада көрген әйелдің иғтикафқа отыруы туралы

212
Бұхари, № 212 · Сахих: 309Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا «أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ اِعْتَكَفَ مَعَهُ بَعْضُ نِسَائِهِ وَهِيَ مُسْتَحَاضَةٌ تَرَى الدَّمَ»، فَرُبَّمَا وَضَعَتِ الطَّسْتَ تَحْتَهَا مِنَ الدَّمِ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайларының бірі истихада көріп, қаны ағып тұрған күйінде онымен бірге иғтикафқа отырған. Кейде аққан қанды жинау үшін астына шылапшын қоятын».

بَابُ الطِّيبِ لِلْمَرْأَةِ عِنْدَ غُسْلِهَا مِنَ الْمَحِيضِ

8-бапӘйелдің етеккірден кейін ғұсыл құйынғанда хош иіс қолдануы туралы

213
Бұхари, № 213 · Сахих: 313Риуаят етуші: Үммі Атия (р.а.)

عَنْ أُمِّ عَطِيَّةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كُنَّا نُنْهَى أَنْ نُحِدَّ عَلَى مَيِّتٍ فَوْقَ ثَلَاثٍ، إِلَّا عَلَى زَوْجٍ أَرْبَعَةَ أَشْهُرٍ وَعَشْرًا، وَلَا نَكْتَحِلَ وَلَا نَتَطَيَّبَ وَلَا نَلْبَسَ ثَوْبًا مَصْبُوغًا، إِلَّا ثَوْبَ عَصْبٍ، وَقَدْ رُخِّصَ لَنَا عِنْدَ الطُّهْرِ إِذَا اِغْتَسَلَتْ إِحْدَانَا مِنْ مَحِيضِهَا فِي نُبْذَةٍ مِنْ كُسْتِ أَظْفَارٍ، وَكُنَّا نُنْهَى عَنِ اِتِّبَاعِ الْجَنَائِزِ».

Қазақша аудармасы

Үммі Атия (р.а.) былай деген: «Бізге қайтыс болған адам үшін үш күннен артық аза тұтуға тыйым салынатын. Тек күйеуіміз қайтыс болса, төрт ай он күн аза тұтатынбыз. Осы уақыт ішінде сүрме жақпайтынбыз, хош иіс қолданбайтынбыз және асб деп аталатын матадан тігілген киімнен басқа боялған киім кимейтінбіз. Алайда біріміз етеккірден тазарған кезде ғұсыл құйынып, құст әзфар деп аталатын хош иістен аздап қолдануымызға рұқсат етілетін. Сондай-ақ бізге жаназаға ілесіп баруға тыйым салынатын».

بَابُ دَلْكِ الْمَرْأَةِ نَفْسَهَا إِذَا تَطَهَّرَتْ مِنَ الْمَحِيضِ

9-бапЕтеккірден тазарған әйелдің денесін ысқылап жууы туралы

214
Бұхари, № 214 · Сахих: 314Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ اِمْرَأَةً سَأَلَتِ النَّبِيَّ ﷺ عَنْ غُسْلِهَا مِنَ الْمَحِيضِ، فَأَمَرَهَا كَيْفَ تَغْتَسِلُ، قَالَ: «خُذِي فِرْصَةً مِنْ مِسْكٍ، فَتَطَهَّرِي بِهَا». قَالَتْ: «كَيْفَ أَتَطَهَّرُ؟» قَالَ: «تَطَهَّرِي بِهَا». قَالَتْ: «كَيْفَ؟» قَالَ: «سُبْحَانَ اللَّهِ، تَطَهَّرِي». فَاجْتَبَذْتُهَا إِلَيَّ، فَقُلْتُ: «تَتَبَّعِي بِهَا أَثَرَ الدَّمِ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Бір әйел Пайғамбардан (с.а.с.) етеккірден кейін қалай ғұсыл құйынатынын сұрады. Ол (с.а.с.) оған қалай ғұсыл құйыну керектігін түсіндіріп: “Миск сіңірілген бір жапырақ мата алып, сонымен тазалан”, – деді. Әйел: “Онымен қалай тазаланамын?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Сонымен тазалан”, – деді. Әйел тағы да: “Қалай?” – деп сұрады. Сонда ол (с.а.с.): “Субханаллаһ! Тазалан”, – деді. Мен әлгі әйелді өзіме қарай тартып алып: “Қан жұққан жерлерді сонымен сүртіп тазала”, – дедім».

بَابُ اِمْتِشَاطِ الْمَرْأَةِ عِنْدَ غُسْلِهَا مِنَ الْمَحِيضِ

10-бапӘйелдің етеккірден кейін ғұсыл құйынғанда шашын тарауы туралы

215
Бұхари, № 215 · Сахих: 316Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: أَهْلَلْتُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي حَجَّةِ الْوَدَاعِ، فَكُنْتُ مِمَّنْ تَمَتَّعَ وَلَمْ يَسُقْ الْهَدْيَ، فَزَعَمَتْ أَنَّهَا حَاضَتْ وَلَمْ تَطْهُرْ حَتَّى دَخَلَتْ لَيْلَةُ عَرَفَةَ، فَقَالَتْ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، هَذِهِ لَيْلَةُ عَرَفَةَ وَإِنَّمَا كُنْتُ تَمَتَّعْتُ بِعُمْرَةٍ»، فَقَالَ لَهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اُنْقُضِي رَأْسَكِ وَامْتَشِطِي، وَأَمْسِكِي عَنْ عُمْرَتِكِ»، فَفَعَلْتُ، فَلَمَّا قَضَيْتُ الْحَجَّ أَمَرَ عَبْدَ الرَّحْمَنِ لَيْلَةَ الْحَصْبَةِ، فَأَعْمَرَنِي مِنَ التَّنْعِيمِ مَكَانَ عُمْرَتِي الَّتِي نَسَكْتُ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Қоштасу қажылығында Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге ихрамға кірдім. Мен тәматтуғ қажылығын ниет етіп, құрбандық малын бірге алып шықпағандардың қатарында едім». Айша етеккірінің келгенін және Арафа түні кіргенге дейін тазармағанын айтқан. Сонда Айша (р.а.): «Уа, Расулалла! Бүгін – Арафа түні. Мен ұмрамен тәматтуғ жасауды ниет еткен едім», – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) оған: «Шашыңды тарқатып, тара да, ұмра амалдарын тоқтат», – деді. Айша (р.а.): «Мен солай істедім. Қажылықты аяқтағаннан кейін, Хасба түні ол (с.а.с.) Абдуррахманға мені Танғимнен ұмра жасатуды бұйырды. Осылайша ол мені бұрын бастаған ұмрамның орнына ұмра жасатты», – деген.

بَابُ نَقْضِ الْمَرْأَةِ شَعَرَهَا عِنْدَ غُسْلِ الْمَحِيضِ

11-бапӘйелдің етеккірден кейін ғұсыл құйынғанда шашын тарқатуы туралы

216
Бұхари, № 216 · Сахих: 317Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: خَرَجْنَا مُوَافِينَ لِهِلَالِ ذِي الْحِجَّةِ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ أَحَبَّ أَنْ يُهِلَّ بِعُمْرَةٍ فَلْيُهْلِلْ، فَإِنِّي لَوْلَا أَنِّي أَهْدَيْتُ لَأَهْلَلْتُ بِعُمْرَةٍ». فَأَهَلَّ بَعْضُهُمْ بِعُمْرَةٍ، وَأَهَلَّ بَعْضُهُمْ بِحَجٍّ. وَسَاقَتِ الْحَدِيثَ وَذَكَرَتْ حَيْضَهَا، قَالَتْ: فَأَرْسَلَ مَعِي أَخِي عَبْدَ الرَّحْمَنِ إِلَى التَّنْعِيمِ، فَأَهْلَلْتُ بِعُمْرَةٍ. وَلَمْ يَكُنْ فِي شَيْءٍ مِنْ ذَلِكَ هَدْيٌ وَلَا صَوْمٌ وَلَا صَدَقَةٌ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Біз зүлхижжа айының туған шағына тұспа-тұс жолға шықтық. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Кім ұмраға ихрамға кіргісі келсе, кірсін. Егер мен құрбандық малын бірге алып шықпағанымда, ұмраға ихрамға кірер едім”, – деді. Адамдардың кейбірі ұмраға, ал кейбірі қажылыққа ихрамға кірді». Айша хадисті әрі қарай баяндап, өзінің етеккір көргенін айтқан. Айша: «Содан кейін Пайғамбар (с.а.с.) менімен бірге бауырым Абдуррахманды Танғимге жіберді. Мен сол жерден ұмраға ихрамға кірдім. Осы істердің ешқайсысы үшін құрбандық шалу да, ораза ұстау да, садақа беру де қажет болмады», – деген.

بَابٌ: لَا تَقْضِي الْحَائِضُ الصَّلَاةَ

12-бапЕтеккір кезінде оқылмаған намаздардың қазасын өтемеу туралы

217
Бұхари, № 217 · Сахих: 321Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ اِمْرَأَةً قَالَتْ لَهَا: «أَتَجْزِي إِحْدَانَا صَلَاتَهَا إِذَا طَهُرَتْ؟» فَقَالَتْ: «أَحَرُورِيَّةٌ أَنْتِ؟ كُنَّا نَحِيضُ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ فَلَا يَأْمُرُنَا بِهِ». أَوْ قَالَتْ: «فَلَا نَفْعَلُهُ».

Қазақша аудармасы

Бір әйел Айшадан (р.а.): «Арамыздағы бір әйел етеккірден тазарғаннан кейін оқымай қалған намаздарының қазасын өтей ме?» – деп сұрады. Сонда Айша (р.а.): «Сен харижитсің бе? Біз Пайғамбардың (с.а.с.) заманында етеккір көретінбіз, бірақ ол (с.а.с.) бізге сол намаздардың қазасын өтеуді бұйырмайтын», – деді. Немесе Айша (р.а.): «Біз олардың қазасын өтемейтінбіз», – деген.

بَابُ النَّوْمِ مَعَ الْحَائِضِ فِي ثِيَابِهَا

13-бапКиімі үстіндегі етеккірлі әйелмен бірге ұйықтау туралы

218
Бұхари, № 218 · Сахих: 322Риуаят етуші: Үммі Сәләма (р.а.)

عَنْ أُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا حَدِيثُ حَيْضِهَا وَهِيَ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ فِي الْخَمِيلَةِ، ثُمَّ قَالَتْ فِي هَذِهِ الرِّوَايَةِ: إِنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يُقَبِّلُهَا وَهُوَ صَائِمٌ.

Қазақша аудармасы

Үммі Сәләмәдән (р.а.) Пайғамбармен (с.а.с.) бірге жұмсақ жамылғының астында жатқанда етеккірінің келгені туралы хадис жеткен. Осы риуаятта ол Пайғамбардың (с.а.с.) оразалы кезінде өзін сүйетінін де баяндаған.

بَابُ شُهُودِ الْحَائِضِ الْعِيدَيْنِ

14-бапЕтеккірлі әйелдің екі айтқа қатысуы туралы

219
Бұхари, № 219 · Сахих: 324Риуаят етуші: Үммі Атия (р.а.)

عَنْ أُمِّ عَطِيَّةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «يَخْرُجُ الْعَوَاتِقُ وَذَوَاتُ الْخُدُورِ، وَالْحُيَّضُ، وَلْيَشْهَدْنَ الْخَيْرَ وَدَعْوَةَ الْمُؤْمِنِينَ، وَيَعْتَزِلُ الْحُيَّضُ الْمُصَلَّى». قِيلَ لَهَا: «الْحُيَّضُ؟» فَقَالَتْ: «أَلَيْسَ تَشْهَدُ عَرَفَةَ وَكَذَا وَكَذَا؟»

Қазақша аудармасы

Үммі Атия (р.а.) былай деген: «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Бойжеткендер, шымылдықтағы қыздар мен етеккірлі әйелдер сыртқа шықсын. Олар игілікке ортақтасып, мүміндердің дұғасына қатыссын. Ал етеккірлі әйелдер намаз оқылатын жерден аулақ тұрсын”, – дегенін естідім». Одан: «Етеккірлі әйелдер де ме?» – деп сұралды. Ол: «Етеккірлі әйел Арафатқа және басқа да осындай орындарға қатыспай ма?» – деді.

بَابُ الصُّفْرَةِ وَالْكُدْرَةِ فِي غَيْرِ أَيَّامِ الْحَيْضِ

15-бапЕтеккір күндерінен тыс кезде байқалатын сарғыш және қошқыл бөлінді туралы

220
Бұхари, № 220 · Сахих: 326Риуаят етуші: Үммі Атия (р.а.)

وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: كُنَّا لَا نَعُدُّ الْكُدْرَةَ وَالصُّفْرَةَ شَيْئًا.

Қазақша аудармасы

Үммі Атия (р.а.) былай деген: «Біз қошқыл және сарғыш бөліндіні етеккір деп есептемейтінбіз».

بَابُ الْمَرْأَةِ تَحِيضُ بَعْدَ الْإِفَاضَةِ

16-бапӘйелдің ифада тауабынан кейін етеккірінің келуі туралы

221
Бұхари, № 221 · Сахих: 328Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ، أَنَّهَا قَالَتْ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ صَفِيَّةَ بِنْتَ حُيَيٍّ قَدْ حَاضَتْ»، قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَعَلَّهَا تَحْبِسُنَا، أَلَمْ تَكُنْ طَافَتْ مَعَكُنَّ؟»، فَقَالُوا: «بَلَى»، قَالَ: «فَاخْرُجِي».

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Айша (р.а.) Алла Елшісіне (с.а.с.): «Уа, Расулалла! Хуяйдың қызы Сафияның етеккірі келді», – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Ол бізді бөгеп қалатын болды ма? Ол сендермен бірге тауап етпеді ме?» – деп сұрады. Олар: «Иә, тауап етті», – деді. Сонда ол (с.а.с.): «Олай болса, жолға шыға бер», – деді.

بَابُ الصَّلَاةِ عَلَى النُّفَسَاءِ

17-бапНифас кезінде қайтыс болған әйелге жаназа намазын оқу туралы

222
Бұхари, № 222 · Сахих: 332Риуаят етуші: Сәмура ибн Жундуб (р.а.)

عَنْ سَمُرَةَ بْنِ جُنْدُبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّ اِمْرَأَةً مَاتَتْ فِي بَطْنٍ، فَصَلَّى عَلَيْهَا النَّبِيُّ ﷺ، فَقَامَ وَسَطَهَا».

Қазақша аудармасы

Самура ибн Жундуб (р.а.) былай деген: «Жүктілікке байланысты бір әйел қайтыс болды. Пайғамбар (с.а.с.) оның жаназа намазын оқығанда, мәйіттің орта тұсына тұрды».

223
Бұхари, № 223 · Сахих: 333Риуаят етуші: Мәймуна (р.а.)

عَنْ مَيْمُونَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ، أَنَّهَا كَانَتْ تَكُونُ حَائِضًا، لَا تُصَلِّي، وَهِيَ مُفْتَرِشَةٌ بِحِذَاءِ مَسْجِدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَهُوَ يُصَلِّي عَلَى خُمْرَتِهِ؛ إِذَا سَجَدَ أَصَابَنِي بَعْضُ ثَوْبِهِ.

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Мәймуна (р.а.) былай деген: «Мен етеккірлі кезімде намаз оқымай, Алла Елшісінің (с.а.с.) намаз оқитын жерінің жанында жататынмын. Ол (с.а.с.) шағын төсенішінің үстінде намаз оқитын. Сәждеге барған кезде киімінің бір шеті маған тиетін».