Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 215

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
6. Етеккір кітабыكِتَابُ الْحَيْضِ
бап
10. Әйелдің етеккірден кейін ғұсыл құйынғанда шашын тарауы туралыبَابُ اِمْتِشَاطِ الْمَرْأَةِ عِنْدَ غُسْلِهَا مِنَ الْمَحِيضِ
Нөмірі
№ 215 (Мухтасар реті) · Сахих: № 316
215
Бұхари, № 215 · Сахих: 316Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: أَهْلَلْتُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي حَجَّةِ الْوَدَاعِ، فَكُنْتُ مِمَّنْ تَمَتَّعَ وَلَمْ يَسُقْ الْهَدْيَ، فَزَعَمَتْ أَنَّهَا حَاضَتْ وَلَمْ تَطْهُرْ حَتَّى دَخَلَتْ لَيْلَةُ عَرَفَةَ، فَقَالَتْ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، هَذِهِ لَيْلَةُ عَرَفَةَ وَإِنَّمَا كُنْتُ تَمَتَّعْتُ بِعُمْرَةٍ»، فَقَالَ لَهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اُنْقُضِي رَأْسَكِ وَامْتَشِطِي، وَأَمْسِكِي عَنْ عُمْرَتِكِ»، فَفَعَلْتُ، فَلَمَّا قَضَيْتُ الْحَجَّ أَمَرَ عَبْدَ الرَّحْمَنِ لَيْلَةَ الْحَصْبَةِ، فَأَعْمَرَنِي مِنَ التَّنْعِيمِ مَكَانَ عُمْرَتِي الَّتِي نَسَكْتُ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Қоштасу қажылығында Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге ихрамға кірдім. Мен тәматтуғ қажылығын ниет етіп, құрбандық малын бірге алып шықпағандардың қатарында едім». Айша етеккірінің келгенін және Арафа түні кіргенге дейін тазармағанын айтқан. Сонда Айша (р.а.): «Уа, Расулалла! Бүгін – Арафа түні. Мен ұмрамен тәматтуғ жасауды ниет еткен едім», – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) оған: «Шашыңды тарқатып, тара да, ұмра амалдарын тоқтат», – деді. Айша (р.а.): «Мен солай істедім. Қажылықты аяқтағаннан кейін, Хасба түні ол (с.а.с.) Абдуррахманға мені Танғимнен ұмра жасатуды бұйырды. Осылайша ол мені бұрын бастаған ұмрамның орнына ұмра жасатты», – деген.