Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1487

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
60. Артықшылықтар туралы кітапكِتَابُ الْمَنَاقِبِ
бап
10. Өз тегінің жамандалғанын қаламаған адам туралыبَابُ مَنْ أَحَبَّ أَنْ لَا يُسَبَّ نَسَبُهُ
Нөмірі
№ 1487 (Мухтасар реті) · Сахих: № 3531
1487
Бұхари, № 1487 · Сахих: 3531Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «اِسْتَأْذَنَ حَسَّانُ النَّبِيَّ ﷺ فِي هِجَاءِ الْمُشْرِكِينَ. قَالَ: “كَيْفَ بِنَسَبِي؟” فَقَالَ حَسَّانُ: “لَأَسُلَّنَّكَ مِنْهُمْ كَمَا تُسَلُّ الشَّعَرَةُ مِنَ الْعَجِينِ”».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Хассан Пайғамбардан (с.а.с.) мүшріктерді өлеңмен әжуалауға рұқсат сұрады. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Ал менің тегім не болады?” – деді. Хассан: “Сізді олардың арасынан қамырдан қыл суырғандай етіп бөліп шығарамын”, – деді», – деп жеткізді.