Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1505

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
60. Артықшылықтар туралы кітапكِتَابُ الْمَنَاقِبِ
бап
15. Пайғамбардың (с.а.с.) сипаттары туралыبَابُ صِفَةِ النَّبِيِّ ﷺ
Нөмірі
№ 1505 (Мухтасар реті) · Сахих: № 3558
1505
Бұхари, № 1505 · Сахих: 3558Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَسْدِلُ شَعَرَهُ، وَكَانَ الْمُشْرِكُونَ يَفْرُقُونَ رُؤُوسَهُمْ، فَكَانَ أَهْلُ الْكِتَابِ يَسْدِلُونَ رُؤُوسَهُمْ، وَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُحِبُّ مُوَافَقَةَ أَهْلِ الْكِتَابِ فِيمَا لَمْ يُؤْمَرْ فِيهِ بِشَيْءٍ، ثُمَّ فَرَقَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ رَأْسَهُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) шашын айырмай, төмен түсіріп қоятын. Ал мүшріктер шаштарын екіге айырып тарайтын. Кітап иелері де шаштарын айырмай түсіріп қоятын. Алла Елшісі (с.а.с.) өзіне нақты бір бұйрық берілмеген істерде Кітап иелеріне сәйкес келуді ұнататын. Кейін Алла Елшісі (с.а.с.) шашын екіге айырып тарайтын болды», – деп жеткізді.