Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1519

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
60. Артықшылықтар туралы кітапكِتَابُ الْمَنَاقِبِ
бап
17. Исламдағы пайғамбарлықтың белгілері туралыبَابُ عَلَامَاتِ النُّبُوَّةِ فِي الْإِسْلَامِ
Нөмірі
№ 1519 (Мухтасар реті) · Сахих: № 3605
1519
Бұхари, № 1519 · Сахих: 3605Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ أَيْضًا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فِي رِوَايَةٍ قَالَ: «سَمِعْتُ الصَّادِقَ الْمَصْدُوقَ يَقُولُ: “هَلَاكُ أُمَّتِي عَلَى يَدَيْ غِلْمَةٍ مِنْ قُرَيْشٍ”. إِنْ شِئْتَ أَنْ أُسَمِّيَهُمْ بَنِي فُلَانٍ وَبَنِي فُلَانٍ».

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен тағы бір риуаятта былай делінген: «Шыншыл әрі шындығы расталған Пайғамбардың (с.а.с.): “Үмбетімнің құрдымға ұшырауы Құрайыштан шыққан жас жігіттердің қолынан болады”, – дегенін естідім. Қаласаң, оларды: “Пәленшенің ұлдары, пәленшенің ұлдары”, – деп атап бере аламын».