عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ رَجُلًا سَأَلَ النَّبِيَّ ﷺ عَنِ السَّاعَةِ، فَقَالَ: “مَتَى السَّاعَةُ؟” قَالَ: “وَمَاذَا أَعْدَدْتَ لَهَا؟” قَالَ: “لَا شَيْءَ، إِلَّا أَنِّي أُحِبُّ اللَّهَ وَرَسُولَهُ ﷺ”، فَقَالَ: “أَنْتَ مَعَ مَنْ أَحْبَبْتَ”». قَالَ أَنَسٌ: «فَمَا فَرِحْنَا بِشَيْءٍ فَرَحَنَا بِقَوْلِ النَّبِيِّ ﷺ: “أَنْتَ مَعَ مَنْ أَحْبَبْتَ”». قَالَ أَنَسٌ: «فَأَنَا أُحِبُّ النَّبِيَّ ﷺ وَأَبَا بَكْرٍ وَعُمَرَ، وَأَرْجُو أَنْ أَكُونَ مَعَهُمْ بِحُبِّي إِيَّاهُمْ، وَإِنْ لَمْ أَعْمَلْ بِمِثْلِ أَعْمَالِهِمْ».
Әнәс (р.а.) былай деп жеткізді: «Бір адам Пайғамбардан (с.а.с.) қиямет туралы сұрап: “Қиямет қашан болады?” – деді. Ол: “Оған не әзірледің?” – деп сұрады. Әлгі адам: “Ештеңе әзірлеген жоқпын. Тек Алла мен Оның Елшісін (с.а.с.) жақсы көремін”, – деді. Сонда ол: “Сен жақсы көргендеріңмен бірге боласың”, – деді».
Әнәс (р.а.): «Біз Пайғамбардың (с.а.с.): “Сен жақсы көргендеріңмен бірге боласың”, – деген сөзіне қуанғанымыздай ешнәрсеге қуанған емеспіз», – деді. Әнәс тағы да: «Мен Пайғамбарды (с.а.с.), Әбу Бәкірді және Омарды жақсы көремін. Олардыкіндей амал істемесем де, соларға деген сүйіспеншілігімнің арқасында олармен бірге болар деп үміттенемін», – деді.