عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «مَا غِرْتُ عَلَى أَحَدٍ مِنْ نِسَاءِ النَّبِيِّ ﷺ مَا غِرْتُ عَلَى خَدِيجَةَ، وَمَا رَأَيْتُهَا، وَلَكِنْ كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يُكْثِرُ ذِكْرَهَا، وَرُبَّمَا ذَبَحَ الشَّاةَ ثُمَّ يُقَطِّعُهَا أَعْضَاءً، ثُمَّ يَبْعَثُهَا فِي صَدَائِقِ خَدِيجَةَ، فَرُبَّمَا قُلْتُ لَهُ: “كَأَنَّهُ لَمْ يَكُنْ فِي الدُّنْيَا امْرَأَةٌ إِلَّا خَدِيجَةُ”، فَيَقُولُ: “إِنَّهَا كَانَتْ، وَكَانَتْ، وَكَانَ لِي مِنْهَا وَلَدٌ”».
Айша (р.а.) былай деп жеткізді: «Пайғамбардың (с.а.с.) әйелдерінің ішінде Хадишаны қызғанғанымдай ешбір әйелді қызғанған емеспін. Мен оны көрген де емеспін. Алайда Пайғамбар (с.а.с.) оны өте жиі еске алатын. Кейде қой сойып, оны мүшелеп бөліп, Хадишаның құрбыларына жіберетін. Кейде мен оған: “Дүниеде Хадишадан басқа әйел болмағандай ғой”, – дейтінмін. Сонда ол (с.а.с.): “Оның мынадай да, мынадай да қасиеттері бар еді әрі одан менің балаларым болды”, – дейтін».