Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1607

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
61. Сахабалардың артықшылықтары туралы кітапكِتَابُ فَضَائِلِ الصَّحَابَةِ
бап
45. Алла Елшісі (с.а.с.) мен сахабаларының Мәдинаға һижрет етуі туралыبَابُ هِجْرَةِ النَّبِيِّ ﷺ وَأَصْحَابِهِ إِلَى الْمَدِينَةِ
Нөмірі
№ 1607 (Мухтасар реті) · Сахих: № 3909
1607
Бұхари, № 1607 · Сахих: 3909Риуаят етуші: Әсма (р.а.)

عَنْ أَسْمَاءَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّهَا حَمَلَتْ بِعَبْدِ اللَّهِ بْنِ الزُّبَيْرِ، قَالَتْ: «فَخَرَجْتُ وَأَنَا مُتِمٌّ، فَأَتَيْتُ الْمَدِينَةَ فَنَزَلْتُ بِقُبَاءٍ، فَوَلَدْتُهُ بِقُبَاءٍ، ثُمَّ أَتَيْتُ بِهِ النَّبِيَّ ﷺ فَوَضَعْتُهُ فِي حَجْرِهِ، ثُمَّ دَعَا بِتَمْرَةٍ فَمَضَغَهَا، ثُمَّ تَفَلَ فِي فِيهِ، فَكَانَ أَوَّلَ شَيْءٍ دَخَلَ جَوْفَهُ رِيقُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، ثُمَّ حَنَّكَهُ بِتَمْرَةٍ، ثُمَّ دَعَا لَهُ وَبَرَّكَ عَلَيْهِ، وَكَانَ أَوَّلَ مَوْلُودٍ وُلِدَ فِي الْإِسْلَامِ».

Қазақша аудармасы

Әсма (р.а.) Абдулла ибн әз-Зубәйрге жүкті болғанын айтып, былай деген: «Жүктілігімнің мерзімі жеткен кезде жолға шығып, Мәдинаға келдім. Құбаға қонып, оны сол жерде дүниеге әкелдім. Кейін оны Пайғамбарға (с.а.с.) алып барып, тізесіне қойдым. Содан кейін ол бір құрма алдыртып, оны шайнады да, баланың аузына түкірді. Сөйтіп, оның ішіне ең алғаш кірген нәрсе Алла Елшісінің (с.а.с.) сілекейі болды. Кейін оны құрмамен таңдайлап, оған дұға етті әрі береке тіледі. Ол – һижреттен кейін Мәдинада мұһажирлер арасында дүниеге келген алғашқы сәби еді».