عَنِ الْبَرَاءِ بْنِ عَازِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «أَوَّلُ مَنْ قَدِمَ عَلَيْنَا مُصْعَبُ بْنُ عُمَيْرٍ وَابْنُ أُمِّ مَكْتُومٍ، وَكَانَا يُقْرِئَانِ النَّاسَ، فَقَدِمَ بِلَالٌ وَسَعْدٌ وَعَمَّارُ بْنُ يَاسِرٍ، ثُمَّ قَدِمَ عُمَرُ بْنُ الْخَطَّابِ فِي عِشْرِينَ مِنْ أَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ، ثُمَّ قَدِمَ النَّبِيُّ ﷺ، فَمَا رَأَيْتُ أَهْلَ الْمَدِينَةِ فَرِحُوا بِشَيْءٍ فَرَحَهُمْ بِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، حَتَّى جَعَلَ الْإِمَاءُ يَقُلْنَ: “قَدِمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ”، فَمَا قَدِمَ حَتَّى قَرَأْتُ: ﴿سَبِّحِ اسْمَ رَبِّكَ الْأَعْلَى﴾ [الْأَعْلَى: 1] فِي سُوَرٍ مِنَ الْمُفَصَّلِ».
Бәра ибн Азиб (р.а.) былай деген: «Бізге ең алғаш Мусғаб ибн Ұмәйр мен Ибн Үммі Мәктум келді. Екеуі адамдарға Құран үйрететін. Одан кейін Біләл, Сағд және Аммар ибн Ясир келді. Содан соң Омар ибн әл-Хаттаб Пайғамбардың (с.а.с.) жиырма сахабасымен бірге келді. Кейін Пайғамбар (с.а.с.) келді. Мен Мәдина тұрғындарының Алла Елшісінің (с.а.с.) келуіне қуанғанындай ешнәрсеге соншалық қуанғанын көрген емеспін. Тіпті күңдердің өзі: “Алла Елшісі (с.а.с.) келді!” – деп айта бастады. Пайғамбар (с.а.с.) келгенге дейін мен “Асқақ Раббыңның есімін ұлықта!” (“Ағла”, 1‑аят) деп басталатын сүрені және муфассал сүрелердің бірнешеуін оқып үлгерген едім».