Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1830

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
65. Құранның артықшылықтары кітабыكِتَابُ فَضَائِلِ الْقُرْآنِ
бап
8. Құран иесіне қызыға қараудың артықшылығы туралыبَابُ اِغْتِبَاطِ صَاحِبِ الْقُرْآنِ
Нөмірі
№ 1830 (Мухтасар реті) · Сахих: № 5026
1830
Бұхари, № 1830 · Сахих: 5026Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا حَسَدَ إِلَّا فِي اثْنَتَيْنِ: رَجُلٌ عَلَّمَهُ اللَّهُ الْقُرْآنَ، فَهُوَ يَتْلُوهُ آنَاءَ اللَّيْلِ، وَآنَاءَ النَّهَارِ، فَسَمِعَهُ جَارٌ لَهُ، فَقَالَ: “لَيْتَنِي أُوتِيتُ مِثْلَ مَا أُوتِيَ فُلَانٌ، فَعَمِلْتُ مِثْلَ مَا يَعْمَلُ”، وَرَجُلٌ آتَاهُ اللَّهُ مَالًا فَهُوَ يُهْلِكُهُ فِي الْحَقِّ، فَقَالَ رَجُلٌ: “لَيْتَنِي أُوتِيتُ مِثْلَ مَا أُوتِيَ فُلَانٌ، فَعَمِلْتُ مِثْلَ مَا يَعْمَلُ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Екі адамға ғана қызыға қарауға болады. Бірі – Алла Құранды үйреткен әрі оны түннің де, күндіздің де әр мезгілінде оқитын адам. Оның Құран оқығанын естіген көршісі: “Пәленшеге берілгендей маған да берілсе ғой, мен де оның істегеніндей іс жасар едім”, – дейді. Екіншісі – Алла мал-мүлік берген әрі оны хақ жолында түгел жұмсайтын адам. Сонда бір адам: “Пәленшеге берілгендей маған да берілсе ғой, мен де оның істегеніндей іс жасар едім”, – дейді».