Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1843

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
66. Неке кітабыكِتَابُ النِّكَاحِ
бап
2. Некеден біржола бас тарту мен өзін піштірудің құпталмауы туралыبَابُ مَا يُكْرَهُ مِنَ التَّبَتُّلِ وَالْخِصَاءِ
Нөмірі
№ 1843 (Мухтасар реті) · Сахих: № 5073
1843
Бұхари, № 1843 · Сахих: 5073

عَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «رَدَّ النَّبِيُّ ﷺ عَلَى عُثْمَانَ بْنِ مَظْعُونٍ التَّبَتُّلَ، وَلَوْ أَذِنَ لَهُ لَاخْتَصَيْنَا».

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) Осман ибн Мазғунның некеден біржола бас тартуына рұқсат бермеді. Егер оған рұқсат бергенде, біз де өзімізді піштіріп тастар едік», – деген.