Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1853

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
66. Неке кітабыكِتَابُ النِّكَاحِ
бап
7. Алла Тағаланың: «Сүт аналарыңмен» («Ниса», 23-аят) деген сөзі және қан туыстығына байланысты некелесуге харам болғандардың сүт туыстығына байланысты да харам болуы туралыوَيَحْرُمُ مِنَ الرَّضَاعَةِ مَا يَحْرُمُ مِنَ النَّسَبِ [النِّسَاءِ: 23]
Нөмірі
№ 1853 (Мухтасар реті) · Сахих: № 5099
1853
Бұхари, № 1853 · Сахих: 5099Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّهَا سَمِعَتْ صَوْتَ رَجُلٍ يَسْتَأْذِنُ فِي بَيْتِ حَفْصَةَ، قَالَتْ: فَقُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، هَذَا رَجُلٌ يَسْتَأْذِنُ فِي بَيْتِكَ». فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «أُرَاهُ فُلَانًا»، لِعَمِّ حَفْصَةَ مِنَ الرَّضَاعَةِ. قَالَتْ عَائِشَةُ: «لَوْ كَانَ فُلَانٌ حَيًّا – لِعَمِّهَا مِنَ الرَّضَاعَةِ – دَخَلَ عَلَيَّ؟» قَالَ: «نَعَمْ، الرَّضَاعَةُ تُحَرِّمُ مَا تُحَرِّمُ الْوِلَادَةُ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Хафсаның үйіне кіруге рұқсат сұраған бір ер адамның дауысын естідім. Мен: “Уа, Расулалла! Үйіңізге кіруге бір ер адам рұқсат сұрап тұр”, – дедім. Пайғамбар (с.а.с.): “Меніңше, ол – пәленше”, – деді. Ол Хафсаның сүт туыстығы жағынан көкесі еді. Сонда мен өзімнің сүт туыстығы жағынан көкемді меңзеп: “Егер пәленше тірі болғанда, менің қасыма кіре алар ма еді?” – деп сұрадым. Ол (с.а.с.): “Иә. Қан туыстығына байланысты некелесуге харам болғандар сүт туыстығына байланысты да харам болады”, – деді».