Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1878

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
66. Неке кітабыكِتَابُ النِّكَاحِ
бап
30. Өзіне берілмеген нәрсені берілгендей етіп көрсету және күндесінің алдында мақтануға тыйым салынуы туралыبَابُ الْمُتَشَبِّعِ بِمَا لَمْ يَنَلْ وَمَا يُنْهَى مِنَ اِفْتِخَارِ الضَّرَّةِ
Нөмірі
№ 1878 (Мухтасар реті) · Сахих: № 5219
1878
Бұхари, № 1878 · Сахих: 5219Риуаят етуші: Әсма (р.а.)

عَنْ أَسْمَاءَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ امْرَأَةً قَالَتْ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ لِي ضَرَّةً، فَهَلْ عَلَيَّ جُنَاحٌ إِنْ تَشَبَّعْتُ مِنْ زَوْجِي غَيْرَ الَّذِي يُعْطِينِي؟» فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الْمُتَشَبِّعُ بِمَا لَمْ يُعْطَ كَلَابِسِ ثَوْبَيْ زُورٍ».

Қазақша аудармасы

Әсма (р.а.) былай жеткізді: Бір әйел: «Уа, Расулалла! Менің күндесім бар. Күйеуім маған бермеген нәрсені бергендей етіп көрсетіп, күндесімнің алдында мақтансам, маған күнә бола ма?» – деп сұрады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Өзіне берілмеген нәрсені берілгендей етіп көрсетуші – жалғандықтың қос киімін киген адам секілді», – деді.