عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «أُعْطِيتُ خَمْسًا لَمْ يُعْطَهُنَّ أَحَدٌ قَبْلِي: نُصِرْتُ بِالرُّعْبِ مَسِيرَةَ شَهْرٍ، وَجُعِلَتْ لِي الْأَرْضُ مَسْجِدًا وَطَهُورًا، فَأَيُّمَا رَجُلٍ مِنْ أُمَّتِي أَدْرَكَتْهُ الصَّلَاةُ فَلْيُصَلِّ، وَأُحِلَّتْ لِي الْمَغَانِمُ وَلَمْ تَحِلَّ لِأَحَدٍ قَبْلِي، وَأُعْطِيتُ الشَّفَاعَةَ، وَكَانَ النَّبِيُّ يُبْعَثُ إِلَى قَوْمِهِ خَاصَّةً وَبُعِثْتُ إِلَى النَّاسِ عَامَّةً».
Жәбир ибн Абдулла (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Маған менен бұрын ешкімге берілмеген бес нәрсе берілді: бір айлық жол қашықтығындағы дұшпанның жүрегіне үрей салу арқылы жеңіске жеткізілдім; жер маған мешіт әрі тазалану құралы етілді, сондықтан үмбетімнен кімге қай жерде намаз уақыты кірсе, сол жерде намаз оқысын; маған соғыс олжалары халал етілді, ал менен бұрын ешкімге халал етілмеген еді; маған шапағат ету құқығы берілді; бұрын әрбір пайғамбар тек өз қауымына ғана жіберілетін, ал мен барша адамзатқа жіберілдім».