Хадис
كِتَابُ الْعَقِيقَةِ

Ақиқа кітабы

Сахих әл-Бұхари, 70-кітап · 4 хадис · № 1925–1928

بَابُ تَسْمِيَةِ الْمَوْلُودِ

1-бапНәрестеге ат қою туралы

1925
Бұхари, № 1925 · Сахих: 5467Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «وُلِدَ لِي غُلَامٌ، فَأَتَيْتُ بِهِ النَّبِيَّ ﷺ فَسَمَّاهُ إِبْرَاهِيمَ، فَحَنَّكَهُ بِتَمْرَةٍ، وَدَعَا لَهُ بِالْبَرَكَةِ، وَدَفَعَهُ إِلَيَّ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) былай деді: «Ұлым дүниеге келгенде, оны Пайғамбарға (с.а.с.) алып бардым. Ол оның атын Ибраһим деп қойып, таңдайына құрма жақты, оған береке тілеп дұға етті де, маған қайтарып берді».

1926
Бұхари, № 1926 · Сахих: 5469

حَدِيثُ أَسْمَاءَ بِنْتِ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهَا وَلَدَتْ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ الزُّبَيْرِ تَقَدَّمَ فِي حَدِيثِ الْهِجْرَةِ، وَزَادَ هُنَا: «فَفَرِحُوا بِهِ فَرَحًا شَدِيدًا؛ لِأَنَّهُمْ قِيلَ لَهُمْ: “إِنَّ الْيَهُودَ قَدْ سَحَرَتْكُمْ فَلَا يُولَدُ لَكُمْ”».

Қазақша аудармасы

Әсма бинт Әбу Бәкірдің (р.а.) Абдулла ибн әз-Зубәйрді дүниеге әкелгені туралы хадис һижрет жайындағы хадисте бұрын өткен. Мұнда: «Мұсылмандар оның дүниеге келуіне қатты қуанды. Өйткені оларға: “Яһудилер сендерді сиқырлап қойды, енді сендерден бала тумайды”, – деп айтылған еді», – деп қосылған.

بَابُ إِمَاطَةِ الْأَذَى عَنِ الصَّبِيِّ فِي الْعَقِيقَةِ

2-бапАқиқа кезінде баладан зиянды нәрсені кетіру туралы

1927
Бұхари, № 1927 · Сахих: 5472

عَنْ سَلْمَانَ بْنِ عَامِرٍ الضَّبِّيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَعَ الْغُلَامِ عَقِيقَةٌ، فَأَهْرِيقُوا عَنْهُ دَمًا، وَأَمِيطُوا عَنْهُ الْأَذَى».

Қазақша аудармасы

Сәлман ибн Амир әд-Дабби (р.а.): «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.): “Ұл бала үшін ақиқа бар. Сондықтан оның атынан құрбандық шалыңдар және одан зиянды нәрсені кетіріңдер”, – дегенін естідім», – деді.

بَابُ الْفَرَعِ

3-бапФарағ туралы

1928
Бұхари, № 1928 · Сахих: 5473Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا فَرَعَ وَلَا عَتِيرَةَ». وَالْفَرَعُ: أَوَّلُ النِّتَاجِ، كَانُوا يَذْبَحُونَهُ لِطَوَاغِيتِهِمْ، وَالْعَتِيرَةُ فِي رَجَبٍ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай жеткізді: Пайғамбар (с.а.с.): «Фарағ та, атира да жоқ», – деді. Фарағ – малдың алғашқы төлі. Жәһилиет дәуірінде оны пұттарына арнап соятын. Ал атира – ережеп айында шалынатын құрбандық.