عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا فَرَعَ وَلَا عَتِيرَةَ». وَالْفَرَعُ: أَوَّلُ النِّتَاجِ، كَانُوا يَذْبَحُونَهُ لِطَوَاغِيتِهِمْ، وَالْعَتِيرَةُ فِي رَجَبٍ.
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра (р.а.) былай жеткізді: Пайғамбар (с.а.с.): «Фарағ та, атира да жоқ», – деді. Фарағ – малдың алғашқы төлі. Жәһилиет дәуірінде оны пұттарына арнап соятын. Ал атира – ережеп айында шалынатын құрбандық.