Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1931

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
71. Мал бауыздау кітабыكِتَابُ الذَّبَائِحِ
бап
3. Ұсақ тасты саусақпен шерту және домалақ таспен ату туралыبَابُ الْخَذْفِ وَالْبُنْدُقَةِ
Нөмірі
№ 1931 (Мухтасар реті) · Сахих: № 5479
1931
Бұхари, № 1931 · Сахих: 5479

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مُغَفَّلٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ رَأَى رَجُلًا يَخْذِفُ، فَقَالَ لَهُ: «لَا تَخْذِفْ؛ فَإِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ نَهَى عَنِ الْخَذْفِ، أَوْ كَانَ يَكْرَهُ الْخَذْفَ، وَقَالَ: “إِنَّهُ لَا يُصَادُ بِهِ صَيْدٌ وَلَا يُنْكَى بِهِ عَدُوٌّ، وَلَكِنَّهَا قَدْ تَكْسِرُ السِّنَّ، وَتَفْقَأُ الْعَيْنَ”». ثُمَّ رَآهُ بَعْدَ ذَلِكَ يَخْذِفُ، فَقَالَ لَهُ: «أُحَدِّثُكَ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَنَّهُ نَهَى عَنِ الْخَذْفِ أَوْ كَرِهَ الْخَذْفَ، وَأَنْتَ تَخْذِفُ! لَا أُكَلِّمُكَ كَذَا وَكَذَا».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Муғәффәл (р.а.) бір адамның ұсақ тасты саусақпен шертіп отырғанын көріп, оған: «Тасты саусақпен шертпе. Өйткені Алла Елшісі (с.а.с.) бұған тыйым салған немесе мұны ұнатпаған әрі: “Мұнымен аң да ауланбайды, дұшпанға да зақым келтірілмейді. Бірақ ол тісті сындырып, көзді шығарып жіберуі мүмкін”, – деген», – деді. Кейін әлгі адамның тағы да ұсақ тасты саусақпен шертіп жүргенін көріп: «Мен саған Алла Елшісінің (с.а.с.) бұған тыйым салғанын немесе мұны ұнатпағанын айтып отырмын, ал сен әлі де тасты саусақпен шертіп жүрсің. Енді мен сенімен пәлен уақыт сөйлеспеймін», – деді.