Хадис
كِتَابُ الْمَرْضَى

Науқастар жайлы кітап

Сахих әл-Бұхари, 74-кітап · 13 хадис · № 1964–1976

Мазмұны: 8 бап
  1. 1Сырқаттың күнәларға кәффарат болуы туралы
  2. 2Сырқаттың ауырлығы туралы
  3. 3Талма дертіне шалдыққан адамның артықшылығы туралы
  4. 4Көру қабілетінен айырылған адамның артықшылығы туралы
  5. 5Науқастың көңілін көлікпен, жаяу және есекке мінгесіп барып сұрау туралы
  6. 6Науқастың: «Мен ауырып тұрмын», «Ой, басым-ай!» немесе «Дертім қатты күшейді», – деуіне рұқсат етілетіні және Әйюбтың (аләйһис-сәләм): «Мына дерт маған ауыр тиді. Сен рақымдылардың ең рақымдысысың!» («Әнбия», 83-аят) деген сөзі туралы
  7. 7Науқастың өлім тілеуіне тыйым салу туралы
  8. 8Көңіл сұрауға барған адамның науқасқа дұға етуі туралы
بَابُ مَا جَاءَ فِي كَفَّارَةِ الْمَرَضِ

1-бапСырқаттың күнәларға кәффарат болуы туралы

1964
Бұхари, № 1964 · Сахих: 5641

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ وَأَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَا يُصِيبُ الْمُسْلِمَ مِنْ نَصَبٍ وَلَا وَصَبٍ، وَلَا هَمٍّ وَلَا حُزْنٍ، وَلَا أَذًى وَلَا غَمٍّ، حَتَّى الشَّوْكَةِ يُشَاكُهَا، إِلَّا كَفَّرَ اللَّهُ بِهَا مِنْ خَطَايَاهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри мен Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін риуаят етті: «Мұсылман шаршаса, сырқаттанса, уайымға, қайғыға, жапаға не қасіретке ұшыраса, тіпті оған тікен кірсе де, Алла сол арқылы оның күнәларының бір бөлігін кешіреді».

1965
Бұхари, № 1965 · Сахих: 5644Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَثَلُ الْمُؤْمِنِ كَمَثَلِ الْخَامَةِ مِنَ الزَّرْعِ، مِنْ حَيْثُ أَتَتْهَا الرِّيحُ كَفَأَتْهَا، فَإِذَا اِعْتَدَلَتْ تَكَفَّأُ بِالْبَلَاءِ، وَالْفَاجِرُ كَالْأَرْزَةِ صَمَّاءَ مُعْتَدِلَةً، حَتَّى يَقْصِمَهَا اللَّهُ إِذَا شَاءَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Мүмін егістіктегі жас өскінге ұқсайды: жел қай жағынан соқса да, оны иеді. Қайта тіктелгенде, оны сынақ тағы иеді. Ал күнәһар адам қатты әрі тіп-тік самырсын ағашына ұқсайды: Алла қалаған кезінде сындырып тастағанға дейін сол қалпында тұра береді».

1966
Бұхари, № 1966 · Сахих: 5645Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ يُرِدِ اللَّهُ بِهِ خَيْرًا يُصِبْ مِنْهُ».

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен хабарда Алла Елшісінің (с.а.с.): «Алла кімге жақсылық қаласа, оны сынаққа ұшыратады», – дегені айтылған.

بَابُ شِدَّةِ الْمَرَضِ

2-бапСырқаттың ауырлығы туралы

1967
Бұхари, № 1967 · Сахих: 5646Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «مَا رَأَيْتُ أَحَدًا أَشَدَّ عَلَيْهِ الْوَجَعُ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Алла Елшісінен (с.а.с.) артық дерт азабын тартқан ешкімді көрген емеспін», – деді.

1968
Бұхари, № 1968 · Сахих: 5647

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أَتَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ فِي مَرَضِهِ وَهُوَ يُوعَكُ وَعْكًا شَدِيدًا، وَقُلْتُ: «إِنَّكَ لَتُوعَكُ وَعْكًا شَدِيدًا». قُلْتُ: «إِنَّ ذَاكَ بِأَنَّ لَكَ أَجْرَيْنِ؟» قَالَ: «أَجَلْ، مَا مِنْ مُسْلِمٍ يُصِيبُهُ أَذًى إِلَّا حَاتَّ اللَّهُ عَنْهُ خَطَايَاهُ كَمَا تَحَاتُّ وَرَقُ الشَّجَرِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла (р.а.) былай деді: «Пайғамбар (с.а.с.) сырқаттанып жатқанда қасына бардым. Оның қызуы қатты көтеріліп жатқан еді. Мен: “Расында, қызуыңыз қатты көтеріліп жатыр”, – дедім. Содан кейін: “Бұл сізге екі есе сауап берілетіндіктен бе?” – деп сұрадым. Ол: “Иә. Қандай да бір мұсылманға жапа тисе, Алла оның күнәларын ағаштың жапырақтары түскендей түсіреді”, – деді».

بَابُ فَضْلِ مَنْ يُصْرَعُ مِنَ الرِّيحِ

3-бапТалма дертіне шалдыққан адамның артықшылығы туралы

1969
Бұхари, № 1969 · Сахих: 5652Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ قَالَ لِبَعْضِ أَصْحَابِهِ: «أَلَا أُرِيكَ امْرَأَةً مِنْ أَهْلِ الْجَنَّةِ؟» قَالَ: «بَلَى». قَالَ: «هَذِهِ الْمَرْأَةُ السَّوْدَاءُ أَتَتِ النَّبِيَّ ﷺ فَقَالَتْ: “إِنِّي أُصْرَعُ وَإِنِّي أَتَكَشَّفُ، فَادْعُ اللَّهَ لِي”. قَالَ: “إِنْ شِئْتِ صَبَرْتِ وَلَكِ الْجَنَّةُ، وَإِنْ شِئْتِ دَعَوْتُ اللَّهَ أَنْ يُعَافِيَكِ”. فَقَالَتْ: “أَصْبِرُ”. فَقَالَتْ: “إِنِّي أَتَكَشَّفُ، فَادْعُ اللَّهَ أَنْ لَا أَتَكَشَّفَ”، فَدَعَا لَهَا».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) қасындағы бір адамға: «Саған жәннаттық әйелді көрсетейін бе?» – деді. Ол: «Әрине», – деді. Ибн Аббас: «Мына қара нәсілді әйел Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Мені талма ұстайды әрі сол кезде үстім ашылып қалады. Мен үшін Аллаға дұға етіңізші”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Қаласаң, сабыр ет, сонда саған Жәннат беріледі. Ал қаласаң, саған шипа беруін тілеп, Аллаға дұға етейін”, – деді. Әйел: “Сабыр етемін”, – деді де: “Бірақ талма ұстағанда үстім ашылып қалады. Үстім ашылып қалмауы үшін Аллаға дұға етіңізші”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) оған дұға етті», – деп баяндады.

بَابُ فَضْلِ مَنْ ذَهَبَ بَصَرُهُ

4-бапКөру қабілетінен айырылған адамның артықшылығы туралы

1970
Бұхари, № 1970 · Сахих: 5653Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى قَالَ: “إِذَا اِبْتَلَيْتُ عَبْدِي بِحَبِيبَتَيْهِ فَصَبَرَ، عَوَّضْتُهُ مِنْهُمَا الْجَنَّةَ”». يُرِيدُ عَيْنَيْهِ.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Пайғамбардың (с.а.с.): “Расында, Алла Тағала: ‘Құлымды екі сүйіктісінен айырып сынасам әрі ол сабыр етсе, сол екеуінің орнына оған Жәннатты беремін’, – деді”, – дегенін естідім». Мұндағы «екі сүйіктісі» дегені – оның екі көзі.

بَابُ عِيَادَةِ الْمَرِيضِ رَاكِبًا وَمَاشِيًا وَرِدْفًا عَلَى حِمَارٍ

5-бапНауқастың көңілін көлікпен, жаяу және есекке мінгесіп барып сұрау туралы

1971
Бұхари, № 1971 · Сахих: 5664Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «جَاءَنِي النَّبِيُّ ﷺ يَعُودُنِي لَيْسَ بِرَاكِبِ بَغْلٍ وَلَا بِرْذَوْنٍ».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) менің көңілімді сұрауға келді. Ол қашырға да, ірі тұқымды атқа да мінбеген еді», – деді.

بَابُ مَا رُخِّصَ لِلْمَرِيضِ أَنْ يَقُولَ: «إِنِّي وَجِعٌ»، أَوْ «وَارَأْسَاهْ»، أَوِ «اِشْتَدَّ بِيَ الْوَجَعُ»، وَقَوْلِ أَيُّوبَ عَلَيْهِ السَّلَامُ: ﴿أَنِّي مَسَّنِيَ الضُّرُّ وَأَنْتَ أَرْحَمُ الرَّاحِمِينَ﴾ [الْأَنْبِيَاءِ: 83]

6-бапНауқастың: «Мен ауырып тұрмын», «Ой, басым-ай!» немесе «Дертім қатты күшейді», – деуіне рұқсат етілетіні және Әйюбтың (аләйһис-сәләм): «Мына дерт маған ауыр тиді. Сен рақымдылардың ең рақымдысысың!» («Әнбия», 83-аят) деген сөзі туралы

1972
Бұхари, № 1972 · Сахих: 5666Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «وَارَأْسَاهْ!» فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «ذَاكِ لَوْ كَانَ وَأَنَا حَيٌّ فَأَسْتَغْفِرَ لَكِ وَأَدْعُوَ لَكِ». فَقَالَتْ عَائِشَةُ: «وَاثُكْلِيَاهْ! وَاللَّهِ، إِنِّي لَأَظُنُّكَ تُحِبُّ مَوْتِي، وَلَوْ كَانَ ذَاكَ لَظَلِلْتَ آخِرَ يَوْمِكَ مُعَرِّسًا بِبَعْضِ أَزْوَاجِكَ». فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «بَلْ أَنَا وَارَأْسَاهْ! لَقَدْ هَمَمْتُ أَنْ أُرْسِلَ إِلَى أَبِي بَكْرٍ وَابْنِهِ وَأَعْهَدَ، أَنْ يَقُولَ الْقَائِلُونَ أَوْ يَتَمَنَّى الْمُتَمَنُّونَ، ثُمَّ قُلْتُ: “يَأْبَى اللَّهُ وَيَدْفَعُ الْمُؤْمِنُونَ”، أَوْ: “يَدْفَعُ اللَّهُ وَيَأْبَى الْمُؤْمِنُونَ”».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Мен: “Ой, басым-ай!” – дедім. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Егер сен менің тірі кезімде қайтыс болсаң, сен үшін кешірім тілеп, дұға етер едім”, – деді. Мен: “Қап, қасіретім-ай! Аллаға ант етемін, менің өлгенімді қалайтын секілдісіз. Егер солай бола қалса, сол күннің аяғында-ақ әйелдеріңіздің бірімен қосылар едіңіз”, – дедім. Пайғамбар (с.а.с.): “Ой, басым-ай! Мұны айтар менмін ғой. Біреулер сөз қозғап, енді біреулер дәметпесін деп, Әбу Бәкір мен оның ұлына кісі жіберіп, билік жөнінде өсиет қалдыруды ойладым. Содан кейін: ‘Алла бұған жол бермейді, мүміндер де оны тойтарады’, – дедім немесе: ‘Алла оны тойтарады, мүміндер де бұған жол бермейді’, – дедім”, – деді».

بَابُ نَهْيِ تَمَنِّي الْمَرِيضِ الْمَوْتَ

7-бапНауқастың өлім тілеуіне тыйым салу туралы

1973
Бұхари, № 1973 · Сахих: 5671Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «لَا يَتَمَنَّيَنَّ أَحَدُكُمُ الْمَوْتَ لِضُرٍّ أَصَابَهُ، فَإِنْ كَانَ لَا بُدَّ فَاعِلًا، فَلْيَقُلْ: “اللَّهُمَّ أَحْيِنِي مَا كَانَتِ الْحَيَاةُ خَيْرًا لِي، وَتَوَفَّنِي إِذَا كَانَتِ الْوَفَاةُ خَيْرًا لِي”».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Сендердің ешқайсың басына түскен қиындыққа бола өлім тілемесін. Егер өзін одан мүлде тыя алмаса: “Уа, Алла! Өмір мен үшін қайырлы болғанша мені тірі қалдыр, ал өлім мен үшін қайырлы болған кезде жанымды ал”, – десін», – дегенін жеткізді.

1974
Бұхари, № 1974 · Сахих: 5672Риуаят етуші: Хаббаб (р.а.)

عَنْ خَبَّابٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ اِكْتَوَى سَبْعَ كَيَّاتٍ، قَالَ: «إِنَّ أَصْحَابَنَا الَّذِينَ سَلَفُوا مَضَوْا وَلَمْ تَنْقُصْهُمُ الدُّنْيَا، وَإِنَّا أَصَبْنَا مَا لَا نَجِدُ لَهُ مَوْضِعًا إِلَّا التُّرَابَ، وَلَوْلَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ نَهَانَا أَنْ نَدْعُوَ بِالْمَوْتِ لَدَعَوْتُ بِهِ».

Қазақша аудармасы

Хаббаб (р.а.) денесінің жеті жерін күйдіртіп емдеткен еді. Ол: «Бізден бұрын өткен серіктеріміз дүниеден өтті, дүние олардың сауабын кемітпеді. Ал біз соншама дүние-мүлікке қол жеткіздік, оны топыраққа салудан басқа жұмсар жер таппай отырмыз. Егер Пайғамбар (с.а.с.) бізге өлім тілеуге тыйым салмағанда, өлім тілер едім», – деді.

1975
Бұхари, № 1975 · Сахих: 5673Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «لَنْ يُدْخِلَ أَحَدًا عَمَلُهُ الْجَنَّةَ». قَالُوا: «وَلَا أَنْتَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «لَا، وَلَا أَنَا، إِلَّا أَنْ يَتَغَمَّدَنِيَ اللَّهُ بِفَضْلٍ وَرَحْمَةٍ؛ فَسَدِّدُوا وَقَارِبُوا، وَلَا يَتَمَنَّيَنَّ أَحَدُكُمُ الْمَوْتَ، إِمَّا مُحْسِنًا فَلَعَلَّهُ أَنْ يَزْدَادَ خَيْرًا، وَإِمَّا مُسِيئًا فَلَعَلَّهُ أَنْ يَسْتَعْتِبَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Ешбір адамды оның амалы Жәннатқа кіргізбейді”, – дегенін естідім. Адамдар: “Уа, Расулалла! Сізді де ме?” – деп сұрады. Ол: “Жоқ, мені де амалым кіргізбейді. Тек Алла мені Өз кеңшілігі мен рақымына бөлесе ғана кіре аламын. Сондықтан амалдарыңды тура орындауға тырысыңдар, шамаларың келгенше соған жақындаңдар. Сендердің ешқайсың өлім тілемесін. Ізгілік жасаушы болса, жақсылығын арттыра түсуі мүмкін, ал жамандық жасаушы болса, бәлкім, тәубеге келер”, – деді».

بَابُ دُعَاءِ الْعَائِدِ لِلْمَرِيضِ

8-бапКөңіл сұрауға барған адамның науқасқа дұға етуі туралы

1976
Бұхари, № 1976 · Сахих: 5675Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ إِذَا أَتَى مَرِيضًا أَوْ أُتِيَ بِهِ قَالَ: «أَذْهِبِ الْبَأْسَ، رَبَّ النَّاسِ، اِشْفِ، وَأَنْتَ الشَّافِي، لَا شِفَاءَ إِلَّا شِفَاؤُكَ، شِفَاءً لَا يُغَادِرُ سَقَمًا».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) науқастың жанына барғанда немесе науқас оның алдына әкелінгенде: “Уа, адамдардың Раббысы! Дертті кетір. Шипа бере гөр! Шипа беруші – бір Өзің. Сенің шипаңнан басқа шипа жоқ. Ешбір ауру қалдырмайтын шипа бере гөр!” – дейтін».