Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1964

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
74. Науқастар жайлы кітапكِتَابُ الْمَرْضَى
бап
1. Сырқаттың күнәларға кәффарат болуы туралыبَابُ مَا جَاءَ فِي كَفَّارَةِ الْمَرَضِ
Нөмірі
№ 1964 (Мухтасар реті) · Сахих: № 5641
1964
Бұхари, № 1964 · Сахих: 5641

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ وَأَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَا يُصِيبُ الْمُسْلِمَ مِنْ نَصَبٍ وَلَا وَصَبٍ، وَلَا هَمٍّ وَلَا حُزْنٍ، وَلَا أَذًى وَلَا غَمٍّ، حَتَّى الشَّوْكَةِ يُشَاكُهَا، إِلَّا كَفَّرَ اللَّهُ بِهَا مِنْ خَطَايَاهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри мен Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін риуаят етті: «Мұсылман шаршаса, сырқаттанса, уайымға, қайғыға, жапаға не қасіретке ұшыраса, тіпті оған тікен кірсе де, Алла сол арқылы оның күнәларының бір бөлігін кешіреді».