وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَضَى فِي اِمْرَأَتَيْنِ مِنْ هُذَيْلٍ اِقْتَتَلَتَا، فَرَمَتْ إِحْدَاهُمَا الْأُخْرَى بِحَجَرٍ، فَأَصَابَ بَطْنَهَا وَهِيَ حَامِلٌ، فَقَتَلَتْ وَلَدَهَا الَّذِي فِي بَطْنِهَا، فَاخْتَصَمُوا إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَقَضَى أَنَّ دِيَةَ مَا فِي بَطْنِهَا غُرَّةٌ: عَبْدٌ أَوْ أَمَةٌ. فَقَالَ وَلِيُّ الْمَرْأَةِ الَّتِي غَرِمَتْ: «كَيْفَ أَغْرَمُ يَا رَسُولَ اللَّهِ مَنْ لَا شَرِبَ وَلَا أَكَلَ، وَلَا نَطَقَ وَلَا اِسْتَهَلَّ، فَمِثْلُ ذَلِكَ يُطَلُّ؟» فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «إِنَّمَا هَذَا مِنْ إِخْوَانِ الْكُهَّانِ».
Одан (р.а.) жеткен хабарда Алла Елшісінің (с.а.с.) Һузәйл тайпасынан шыққан екі әйелге қатысты үкім шығарғаны айтылған. Олар төбелесіп қалып, біреуі екіншісіне тас лақтырды. Тас жүкті әйелдің ішіне тиіп, құрсағындағы баласын өлтірді. Олар бұл дауды Пайғамбарға (с.а.с.) алып келді. Ол құрсақтағы баланың құны ретінде бір құл не күң беруге үкім етті. Құн төлеуге міндеттелген әйелдің қамқоршысы: «Уа, Расулалла! Ішпеген де, жемеген де, сөйлемеген де, шыр етіп дауысы шықпаған жан үшін қалай құн төлеймін? Мұндайдың құны өтелмейді емес пе?» – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Бұл – балгерлердің бауырларының бірі», – деді.