Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 2083

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
78. Рұқсат сұрау кітабыكِتَابُ الِاسْتِئْذَانِ
бап
7. «Бұл кім?» деп сұралғанда, «Менмін» деп жауап беру туралыبَابُ إِذَا قَالَ: «مَنْ ذَا؟» فَقَالَ: «أَنَا»
Нөмірі
№ 2083 (Мухтасар реті) · Сахих: № 6250
2083
Бұхари, № 2083 · Сахих: 6250Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: أَتَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ فَدَقَقْتُ الْبَابَ، فَقَالَ: «مَنْ ذَا؟» فَقُلْتُ: «أَنَا». قَالَ: «أَنَا، أَنَا»، كَأَنَّهُ كَرِهَهَا.

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деген: «Пайғамбарға (с.а.с.) келіп, есігін қақтым. Ол: “Бұл кім?” – деп сұрады. Мен: “Менмін”, – дедім. Сонда ол бұл жауабымды ұнатпағандай: “Менмін, менмін”, – деп қайталады».