Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 2087

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
78. Рұқсат сұрау кітабыكِتَابُ الِاسْتِئْذَانِ
бап
11. Ұйықтағанда үйде от қалдырмау туралыبَابُ لَا تُتْرَكُ النَّارُ فِي الْبَيْتِ عِنْدَ النَّوْمِ
Нөмірі
№ 2087 (Мухтасар реті) · Сахих: № 6294
2087
Бұхари, № 2087 · Сахих: 6294Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: اِحْتَرَقَ بَيْتٌ بِالْمَدِينَةِ عَلَى أَهْلِهِ مِنَ اللَّيْلِ، فَحُدِّثَ بِشَأْنِهِمُ النَّبِيُّ ﷺ. قَالَ: «إِنَّ هَذِهِ النَّارَ إِنَّمَا هِيَ عَدُوٌّ لَكُمْ، فَإِذَا نِمْتُمْ فَأَطْفِئُوهَا عَنْكُمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) былай деген: «Мәдинада бір үй түнде, ішінде адамдары бар кезде өртенді. Бұл оқиға Пайғамбарға (с.а.с.) айтылғанда, ол: “Расында, бұл от – сендердің жауларың. Сондықтан ұйықтарда оны сөндіріңдер”, – деді».