Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 239

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
8. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
6. Намазда да, басқа кезде де жалаңаштанудың құпталмайтыны туралыبَابُ كَرَاهِيَةِ التَّعَرِّي فِي الصَّلَاةِ وَغَيْرِهَا
Нөмірі
№ 239 (Мухтасар реті) · Сахих: № 364
239
Бұхари, № 239 · Сахих: 364Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا يُحَدِّثُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَنْقُلُ مَعَهُمُ الْحِجَارَةَ لِلْكَعْبَةِ وَعَلَيْهِ إِزَارُهُ، فَقَالَ لَهُ الْعَبَّاسُ عَمُّهُ: «يَا ابْنَ أَخِي، لَوْ حَلَلْتَ إِزَارَكَ فَجَعَلْتَ عَلَى مَنْكِبَيْكَ دُونَ الْحِجَارَةِ». قَالَ: فَحَلَّهُ فَجَعَلَهُ عَلَى مَنْكِبَيْهِ، فَسَقَطَ مَغْشِيًّا عَلَيْهِ، فَمَا رُئِيَ بَعْدَ ذَلِكَ عُرْيَانًا.

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) Қағбаға олармен бірге тас тасып жүрді. Оның белінде изары бар еді. Сонда көкесі Аббас оған: “Уа, бауырымның ұлы! Изарыңды шешіп, тастар батпау үшін иығыңа салып алсаңшы”, – деді. Ол (с.а.с.) изарын шешіп, иығына салған кезде есінен танып құлап түсті. Содан кейін ол ешқашан жалаңаш күйде көрінген емес».